1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Қазақстанда айыппұлдар қалай өзгерді?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Қазақстанда айыппұлдар қалай өзгерді? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

2024 жылы АЕК 3 692 теңгеге дейін өсті. Соған байланысты қазақстандықтарға салынатын айыппұлдар да өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол қозғалысы ережесін бұзу

2024 жылы автомобиль қозғалысының жылдамдығын 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 18 460 теңге болады. Жылдамдықты сағатына 20-40 шақырымға артуы 10 АЕК немесе 36 920 теңге мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырғаны үшін 20 АЕК немесе 73 840 теңге айыппұл салынады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде жылдамдықты қайта арттыру 30 АЕК немесе 110 760 теңге айыппұл салу арқылы жазаланады.

Жүргізуші куәлігі жоқ жүргізушінің көлік жүргізуі 20 АЕК, яғни 73 840 теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жағдайда көлікті тізгіндеу 50 АЕК, яғни 184 600 теңге көлемінде айыппұл салуды қарасытарды немесе 20 тәулікке қамауға алынады.

Жол белгілерінде белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін салынатын айыппұл енді 11 076 теңге – 3 АЕК.

Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе жол диспетчерінің тыйым салу қимылына қарсы жүру 10 АЕК немесе 36 920 теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. Қайталанса, айыппұл 15 АЕК-ке дейін, яғни 55 380 теңгеге дейін өседі.

Жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолымен, жол жиегімен немесе тротуармен жүруге де 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады – бұл 55 380 теңге.

Көлікті белгіленбеген жерге тұраққа қоюға салынатын айыппұлдар да өсті.

ӘҚБтК-нің басқа баптары бойынша жауапкершілік белгіленген жағдайлардан басқа, тоқтату немесе тұрақ қағидаларын бұзу 5 АЕК немесе 18 460 теңге айыппұл салуды көздейді. Жаяу жүргіншілер жолында, гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында көлікті тұраққа қою, сондай-ақ басқа да автомобильдердің жүруіне кедергі болып, жүріс бөлігінде көлікті тоқтату үшін айыппұл 10 АЕК-36 920 теңгеге дейін артады. Ақылы тұрақ үшін төлеуден жалтару 3 АЕК немесе 11 076 теңге айыппұл салуға әкеп соғады.

Қызметкердің көлік құралын тоқтату туралы талабын орындамау 40 АЕК немесе 147 680 теңге айыппұл салуға әкеп соғады. Айта кетейік, айыппұлдың бұл түрі 11 қыркүйекте түзетулерге байланысты ұлғайтылған. Бұрын ол 30 АЕК немесе 110 760 теңге болатын. Бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін жаза - 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу, көлік жүргізу құқығынан айыру. Құқығынан айырылған азаматтарға бұл заңбұзушылық үшін 60 АЕК айыппұл салынады, ал бұл - 2024 жылы 221 520 мың теңге.

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны, қауіпсіздік белдігін тақпағаны және көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны үшін жүргізушілерге 5 АЕК, яғни 18 460 теңге айыппұл салынады.

Жаяу жүргіншілер ережесін бұзу

Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жол қозғалысы ережелерін сақтамауы 7384 теңге – 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталап тәртіп бұзу айыппұлды бірден 10 АЕК, яғни 36 920 теңгеге дейін арттырады.

Басқа да  заңбұзушылықтар

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкерлері мен тергеушілердің заңды талаптарына бағынбаған немесе жұмысына кедергі келтіргендерге 30 АЕК – 110 700 теңге айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.

Бір жыл ішінде қайталап осы заңды бұзғандарға жаза ескерту немесе айыппұл емес, 15-20 тәулікке қамауға алынады. Ал қамауға алынбағандарға 50 АЕК – 184 600 теңге айыппұл салынады.

Қоғамдық жерге түкіргені үшін, сондай-ақ белгісіз орындарға қоқыс тастағаны үшін тәртіпбұзушы 5 АЕК немесе бірінші рет 18 460 теңге, ал қайталап бұзғаны үшін 10 АЕК немесе 36 920 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Реклама
Реклама