1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің жаңа бағасы бекітілді

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің жаңа бағасы бекітілді ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ІІМ жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау жөніндегі қызметтердің жаңа бағасын бекітті. Бұйрық 2024 жылдың 24 маусымында күшіне енді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Жаңа тәртіпке сәйкес6 құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):

  • жүргізуші куәлігі - 4 367 теңге;
  • көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - 2 250 теңге;
  • мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері - 3 923 теңге (жиынтық үшін);
  • "ТРАНЗИТ" мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері - 126 теңге.

Сондай-ақ, құжатта құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, процестерді есепке алу бойынша жұмысты автоматтандыру, ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу құны 747 563 358 теңге мөлшерінде белгіленген.

Реклама
Реклама