1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Қазақстанда көлік иесі қандай жағдайларда жүргізуші куәлігінен айырылады?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Қазақстанда көлік иесі қандай жағдайларда жүргізуші куәлігінен айырылады? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздік - тұрақты назар аударуды талап ететін негізгі мәселелердің бірі. Қандай заңбұзушылықтар үшін көлік иесі 100 пайыз жағдайда жүргізуші куәлігінен айырылады, ал қандай жағдайда - тек сот шешімі бойынша. Толығырақ - Tengri Auto материалында.

ІІМ мәліметінше, 2024 жылдың 9 айында 22 752 адам жүргізуші куәлігінен айырылған.

100 пайыз жағдайда жүргізуші куәлігінен айыру

Көлік құралын басқару құқығынан автоматты түрде айыруға әкелетін бірқатар заңбұзушылықтар бар. Мұндай заңбұзушылықтарға мыналар жатады:

  • жалған нөмірлік белгілерді пайдалану (ӘҚБтК-нің 590-бабы, 4-бөлігі) - көрнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар автокөлікті басқару, сондай-ақ оларды жасыратын немесе өзгертетін құралдарды пайдалану;
  • қарсы жолаққа шығу (596-бап, 3-бөлім), егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу;
  • авариялық жағдай туғызу (606-баптың 2-бөлігі), егер жүргізуші бір жыл ішінде жолда қайталап авариялық жағдай тудырса;
  • теміржол жолдарын кесіп өту ережелерін бұзу (607-баптың 2-бөлігі) - теміржол өткелдерін кесіп өту ережелерін бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда;
  • көлікті мас күйінде басқару – (608-бап, 1-бөлім, 3-1) - рульде алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде отыру, сондай-ақ басқаруды сол күйдегі адамға беру;
  • медициналық куәландырудан өтуден бас тарту (613 – бап, 4, 5-бөліктер) - полиция қызметкерінің алкогольдік немесе есірткілік масаңдыққа тест тапсыру туралы заңды талабын орындаудан бас тарту.

Сот шешімі бойынша

Кейбір жағдайда жүргізуші куәлігінен айыру істерін сот шешеді. Оларға мыналар жатады:

  • қарсы жолақпен жүру - бұл заңбұзушылық жүргізуші куәлігінен міндетті түрде айыруға жататынына қарамастан, мерзім сот шешіміне байланысты болуы мүмкін;
  • авариялық жағдай жасау және қайталап заң бұзу – сот істің мән-жайын және көлік жүргізу құқығынан айыру мерзіміне әсер ететін алдыңғы құқық бұзушылықтардың болуын ескереді;
  • жол апаты салдарынан мүліктің зақымдануы (610-бап 1-бөлім) - егер ЖКО материалдық залалға әкеп соқтырса, жүргізуші алты айға дейінгі мерзімге құқығынан айырылуы мүмкін.
Реклама
Реклама