1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Қазақстанда күн сайын кемінде 10 адам суицид жайлы ойлайды

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Қазақстанда күн сайын кемінде 10 адам суицид жайлы ойлайды ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото: Depositphotos.com

Қазақстанда күн сайын кемінде 10 адам суицид жайлы ойлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Қазақстанда суицид жасайтындар саны әлдеқайда азайған. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша, биыл қаңтар-шілде аралығында 2,1 мың адам суицид жасаған, бұл былтырмен салыстырғанда 7,2 пайызға аз. Суицид жасағандардың көбі 30 жастан асқандар.

Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда суицидтен болатын өлім-жітім статистикасы әлі де тұрақсыз. Жыл сайын елде 3,5-4 мың адам суицид жасайды. Бұл бір күнде кемінде 9-10 адам суицид жайлы ойлайды деген сөз. 

Кейбір талдауларға сәйкес, қазақстандық қоғамда жасөспірімдер арасындағы және тұрмыстық зорлықтан зардап шеккен әйелдер арасында өзіне қол жұмсайтындар көбейген. Ер адамдар арасында да өзіне қол жұмсайтындар бар. Мысалы биыл қаңтар-шілде аралығында тіркелген суицидтің 74,9 пайызын ер адамдар жасаған.  

Реклама
Реклама