Қазақстанда тағы жер сілкінді: қандай қағидаларды есте сақтаған жөн?
Алматылықтар жер сілкінісін сезінді. Төтенше жағдайлар министрлігі мұндай жағдайда өзін қалай ұстау керек екенін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Құтқарушылардың айтуынша, жер сілкінісі кезінде 10 қарапайым қадамды ойластыру керек:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;
- Жиhаздар, терезеден, ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көпқабатты үйлерде жер сілкініс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында су, газ, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүгедектігі бар адамдарға көмектесіңіз.
Еске салайық, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.
Есептік қарқындылығы:
- Алматы 3 балл
- Талғар 4 балл
- Есік 4 балл
- Түрген 3.0 балл
- Өтеген-Батыр 3 балл
- Боралдай 2 балл
- Маловодное 2 балл
- Ж.Қайыпов 2 балл
- Алатау (Жетіген) 2 балл
- Қарасай (Қаскелең) 2 балл
Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары 2024 жылы 23 қаңтарда жер сілкінісін сезді. Түн ішінде болған дүмпу халықтың үрейін ұшырып, біраз уақытқа дейін қорқыныш қалып қойды.
Көктем басталысымен, 2024 жылы 4 наурызда қалада тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Бұл да қала тұрғындары мен қонақтарын үрейлендірді.