Қазақстандықтарға жоғары білім алуға пайызсыз несие беріледі
Қазақстанда елдегі жоғары оқу орындарында білім алу үшін пайызсыз несие беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inbusiness.kz мәліметіне сілтеме жасап.
"Биыл төрт жаңа құрал жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін іске қосылып жатыр... Тағы бір құрал - биылдан бастап, жылдың аяғында оны ресми түрде іске қосамыз, бірнеше екінші деңгейлі банктер және қаржы орталығымызбен бірлесіп заңнамалық түрде пысықтаған пайызсыз несие беру іске қосылып жатыр - пысықтау аяқталып жатыр. АҚШ-тағыдай жоғары білім алу үшін пайызсыз несие алуға болады", - деді Саясат Нұрбек.