Қазақстанның бір өңірінде жыл басынан бері 200-ден аса жол-көлік оқиғасында балалар болған

viewings icon 118
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Жыл басынан бері Абай облысында 200-ден аса жол-көлік оқиғасында балалар болған. Апат салдарынан үш бала қаза тауып, 287-сі жарақат алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Абай облысында 200-ден аса жол-көлік оқиғасында балалар болған. Апат салдарынан үш бала қаза тауып, 287-сі жарақат алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыста жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 786 оқиғаға жеткен, оның 231-і кәмелетке толмағандармен байланысты. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себебі – ересектердің балалардың жолдағы жүріс-тұрысына мән бермеуі және жол қозғалысы ережелерін сақтамауы.

Ведомство жүргізушілерді әсіресе балалар көп жүретін мектеп, балабақша мен қоғамдық көлік аялдамалары сияқты жерлерде абай болуға шақырады.

"Ата-аналарға балаларымен үнемі профилактикалық әңгіме жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру ұсынылады".

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная