Киік еті зерттелді: жесе не болады?

Фото:depositphotos.com

Қазақ тағамтану академиясы киік етінің тағамдық құндылығына зерттеу жүргізді. Ғалымдар оның химиялық құрамын, нутриенттер мөлшерін және өнімді тағам рационында қолдану мүмкіндігін қарастырды, - деп хабарлайды Tengri Life.

Қазақ тағамтану академиясы киік етінің тағамдық құндылығына зерттеу жүргізді. Ғалымдар оның химиялық құрамын, нутриенттер мөлшерін және өнімді тағам рационында қолдану мүмкіндігін қарастырды, - деп хабарлайды Tengri Life.

Киік еті неге зерттелді?

Киіктер саны қоғамда әрдайым пікірталас тудыратын тақырып. Алайда кейінгі жылдары бұл сирек кездесетін жануарлар популяциясы артқан жағдайда, талқылау басқаша сипат ала бастады: егер азайту қажет болса, бұл ресурсты пайдалы жолмен қолдануға бола ма?

"Киік еті - бұл табиғи ақуыз, дәрумендер мен микроэлементтердің концентраты, әлемдегі ең жақсы диеталық өнімдермен бәсекелесе алатын тағам", - дейді медицина ғылымдарының докторы, Қазақ тағамтану академиясының президенті Алмаз Шарман.

Химиялық талдау нені көрсетті?

Экология министрлігінің тапсырысы бойынша, Тағамтану академиясы киік етінің құрамына кешенді зерттеу жүргізді. 100 грамм етте:

  • 20 грамм ақуыз;
  • 9 грамм май;
  • D дәрумені - 9,2 микрограмм/100 грамм (тәуліктік мөлшердің шамамен 100 пайызы);
  • B5 дәрумені - 8 миллиграмм (тәуліктік мөлшердің 160 пайызы);
  • Темір - 3,9 миллиграмм;
  • Мырыш - 6 миллиграмм;
  • L-карнитин - 132 миллиграмм.

Сондай-ақ құрамында магний, селен және B тобы дәрумендері бар.

"Жоғары сапасы мен органикалық табиғатының арқасында киік еті еуропалық диетологиядағы балық немесе аң еті секілді функционалды өнім ретінде рационға енгізілуі мүмкін", - дейді Шарман.

Киік еті кімдерге пайдалы

Мамандардың пікірінше, киік еті D дәрумені, темір және сапалы ақуыз тапшылығы бар адамдар үшін пайдалы бола алады. Ең алдымен:

  • балалар;
  • жүкті және бала емізетін әйелдер;
  • қарттар;
  • физикалық және интеллектуалдық жүктемесі жоғары адамдар;
  • теңіз өнімдеріне қолжетімділігі шектеулі аймақ тұрғындары.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама