Кімдерге қарбыз бен қауын жеуге болмайды?
Қант диабеті және семіздікпен қиналатын адамдарға қарбыз бен қауынды абайлап жеу керек. Себебі олардың құрамында қант көп. Бұл жайлы дәрігер Вера Сережина "Riamo"-ға айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сондай-ақ панкреатит, ұйқы безінің асқынған аурулары, органдарға тас түзілу, метеоризм және диарея секілді асқазан-ішек жолы проблемалары бар адамдарға қарбыз бен қауын жеу ұсынылмайды.
"Қарбыз бен қауын бұл жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Сондай-ақ несеп айдағыш әсері үшін қарбыз бен қауынды абайлап жеу керек. Алайда одан толықтай бас тартудың қажеті жоқ. Шамадан артық жемесеңіз, олар ісінуді және қыжылды басуға көмектеседі", - деп түсіндірді дәрігер.
Тағы бір ескеретін нәрсе - тағамдық аллергия. Ол арамшөптердің тоңазына аллергиясы бар адамдарда туындауы мүмкін. Симптомдарға терінің қышуы, түшкіру, мұрыннан су ағу, мұрынның бітелуі, тамақтың, тілдің, еріннің және таңдайдың ісінуі және шаншуы, дене температурасының жоғарылауы, ентігу, тұншығу, құсу, диарея, метеоризм, іштің ауыруы және жүрек айнуы жатады.
"Сирек жағдайларда аллергиялық реакция анафилаксиялық шокқа әкелуі мүмкін. Егер арнайы IgE антиденелеріне қан анализін тапсырсаңыз, мұндай жағдайдың алдын ала аласыз. Себебі ол қарбызға немесе қауынға аллергияны анықтауға мүмкіндік береді", - деді Вера Сережина.