Көлікке ағаш құлады: қазақстандық өтемақы өндіріп алды

Фото:depositphotos.com

Өскеменде көлік иесі құлаған ағаш үшін коммуналдық қызметтен ақша өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Өскеменде көлік иесі құлаған ағаш үшін коммуналдық қызметтен ақша өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Қалалық сот көлікке келтірілген залалды өтеу туралы істі қарады. Оқиға 4 сәуірде болған: тұрақта тұрған көліктің үстіне ағаш құлаған. Көлік зақымданып, қалпына келтіруге жарамай қалған. Сарапшының бағалауынша, оның нарықтық құны шамамен 2,5 миллион теңге болған.

Ағаш қалалық аумақта орналасқан және бұл аумаққа коммуналдық кәсіпорын қызмет көрсетеді. Бұл мекеменің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мемлекеттік мекемесімен көше күтімі мен қауіпті ағаштарды кесу бойынша міндеттемелері жазылған келісімі бар.

Сот коммуналдық қызметті болған жағдай үшін жауапты деп таныды. Олар қауіптің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдамаған, соның салдарынан ағаш құлаған.

Нәтижесінде сот талапты жартылай қанағаттандырды: кәсіпорын 2 418 250 теңге көлеміндегі залалды және 248 508 теңге сот шығындарын өтеуге міндеттелді.

Темір-терсекке өткізілетін көлік құны ретінде 81 750 теңге өндіру талабы қабылданбады.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Көліктің үстіне ағаш құласа не істеу керек?

Ең бірінші және басты міндет – оқиға орнын тіркеу. Құлаған ағашты, көліктің зақымдануын және айналасын көрсететін фото мен видео түсіріңіз.

Материалдарда түсірілген күн мен уақыттың болуы маңызды. Полиция келгенше көлікті орнынан қозғамаңыз. Құқық қорғау органдары оқиға сызбасын жасап, өтінішті қабылдап, талон-ескертпе береді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама