1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Көлік багында қанша бензин қалғанда ескерту шамы жанады, ол қаншаға жетеді?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Көлік багында қанша бензин қалғанда ескерту шамы жанады, ол қаншаға жетеді? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото: Istock

Жүргізушілер үшін күтпеген жерден бензин индикаторы жанып, бактағы жанармай деңгейінің төмендеуі жағымсыз жағдай. Әсіресе, ұзақ жолға шыққан кезде. Ескерту шамы бакта қанша литр бензин қалғанда жанады? Бұл жағдайда көлікті ары қарай жүргізуге бола ма? Индикатор жанған күйі қанша шақырымды жүріп өтуге болады және қандай жағдайда ұзаққа жетуге болады?

Ескерту шамы жанғаннан кейін бензин қаншаға жетеді?

Шам жанған кезде қанша бензин қалғанын пайдалану нұсқаулығынан, егер көлік құралы экран және бакта орналасқан арнайы датчикпен жабдықталған болса, дисплейден білуге ​​болады. Өкінішке қарай, кейде қажетті деректер көрсетілмейтін жағдайлар болады.

Тәжірибе бойынша, бактағы дензиннің ең төменгі деңгей 5 литр, максимум – 10, ал орташа – 7-8 литр болады. Нақты көлемі көліктің маркасына байланысты болады. Тұтастай алғанда, бұл тіптен аз емес, бұл ондаған шақырымды жүріп өтеуге жеткілікті, ал қарапайым ережелер мен ұсыныстарды орындасаңыз - 100 шақырым немесе одан да көпке жетеді. Ол жанармай құю бекетін табуға жеткілікті.

Индикатор жанып тұрғанда қалай жүру керек?

Ескерту шамы жанып, бакта қанша бензин қалғаны - бұл екінші мәселе. Жанармай құю бекетіне жеткенше көлікті жүргізу ережелері әлдеқайда маңызды. Көлік қанша шақырым жүретіні жүргізушінің іс-әрекетіне байланысты, қателіктер жолды ондаған шақырымға қысқартады. 

Бензин неғұрлым ұзаққа жетуі үшін:

Қозғалтқыш жылдамдығын сағатына 80-85 шақырымға дейін ұстап отыру оңтайлы болады, кенеттен жылдамдықты арттыру, басып озу немесе тосынннан жылдамдықты азайту бензин шығынын арттырады. Оң жолаққа ауысып, мүмкіндігінше бірқалыпты жүрген дұрыс. Бұл жағдайда алдағы елді мекенге дейін жетіп, жанармай құю бекетін табуыға мүмкіндік болады.

Энергияны тұтынатын барлық қуатты құрылғыларды өшіріңіз. Ең алдымен, желдеткішті. Терезелерді жабыңыз. Бұл аэродинамиканы біршама жақсартады, кедергіні және тиісінше тұтынуды азайтады.

Бар болса, "Эко" режимін қосыңыз. Ол қосылғанда қозғалтқыш бензинді аз жағады.

Жағдайыдың жиі қайталануы: не болуы мүмкін?

Ескерту шамы жанып, бактағы бензиннің азаюын қауіпті деп атауға келмейді. Дегенмен, бұл жағдайың жиі қайталануы - дұрыс емес. Машина жанармай сорғысымен жабдықталған болса, жағдай қауіптірек болады. Ол тиімді жұмыс істеуі үшін жанармай деңгейі жоғары болуы керек.

Сондай-ақ, бензин деңгейінің минимумға дейін жиі төмендеуі сорғыға зақым келтіруге, шлангтардың бітелуіне және сүзгінің жылдам істен шығуына әкеледі.

Реклама
Реклама