1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Көліктің ескерту шамдарын жағып, екінші қатарға тоқтауға бола ма?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Көліктің ескерту шамдарын жағып, екінші қатарға тоқтауға бола ма? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Көрнекі сурет ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Екінші қатарға ескерту шамдарын жағып тоқтаған жүргізушілерге қандай жаза қарастырылған? Алматы полиция департаменті өкілдері айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматы ПД мәліметінше, ЖҚЕ сәйкес, көлік құралын жолдың жүріс бөлігіне жолдың жүріс бөлігінің шетіне параллель бір қатарға қоюға рұқсат етіледі, оның конфигурациясы (жолдың жүріс бөлігін кеңейту) көлік құралдарының басқаша орналасуына мүмкіндік беретін орындарды қоспағанда. Тек екі доңғалақты көліктерді бүйірлік тіркемесіз екінші қатарға қоюға рұқсат етіледі.

"Тоқтауға тыйым салынған жерлерде мәжбүрлі түрде тоқтаған кезде жүргізуші көлік құралын осы орындардан шығару үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Басқа көлік құралдарының жүруіне кедергі жасауға әкеп соқтырған көлік құралдарын жол жүру бөлігінде тоқтату немесе тұраққа қою қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК-нің 597-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген және 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза көзделген", - деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2024 жылы 1 АЕК 3692 теңгеге тең. Осылайша, құқық бұзушыларға 36 920 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.
 
Жыл басынан бері қалада автотұрақ ережесін бұзған 15 582 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны атап өтілді.

Реклама
Реклама