Конституция күніне орай қазақстандықтар қалай демалады?
Тамызда қазақстандықтар Конституция күніне байланысты қосымша бір күн демалады. Tengri Life ыңғайлы күнтізбе дайындады.
Конституция күні – Қазақстандағы негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі. Бұл күні еліміз 1995 жылы мемлекеттің құқықтық және саяси негіздерін анықтайтын негізгі заңның қабылдануын атап өтеді.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін
Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін Конституция күні қосымша бір күн демалуға мүмкіндік болады. 30 тамыз жұмаға сәйкес келіп, демалыс 1 қыркүйек, жексенбіге дейін созылады. Жалпы, тамызда аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 10 күн демалады.
Алты күндік жұмыс аптасы үшін
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де 30 тамыз - жұмада демалады. Бұл ретте сенбі, 31 тамыз жұмыс күні, ал жексенбі, 1 қыркүйек қайтадан демалыс күні болады. Осылайша алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар тамызда небәрі 5 күн демалады.
Тамыздағы мерекелер
Қазақстанда тамызда Конституция күнінен басқа бірқатар атаулы даталар атап өтіледі:
- 4 тамыз (тамыздың бірінші жексенбісі) - Көлік қызметкерлері күні;
- 10 тамыз - Абай күні;
- 11 тамыз (тамыздың екінші жексенбісі) - Құрылысшылар күні;
- 18 тамыз - Шекарашылар күні;
- 25 тамыз (тамыздың соңғы жексенбісі) - Шахтерлер күні;
- 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні.