1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Күзгі хандраны қалай жеңуге болады?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Күзгі хандраны қалай жеңуге болады? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото: pixabay.com

Қазанда күн салқындай бастағанда көпшілік адам күзгі хандраға шалдығады. Клиникалық психолог Ирина Крутская күзгі хандраны жеңудің жолдарын атады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі RuNews24-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдайды маусымдық аффективті бұзылыс деп те атады. Бұл жылдың белгілі бір кезеңдерінде пайда болатын депрессияның бір түрі. Оның белгілеріне көңіл күйдің төмендеуі, шаршай беру, ұйқының және тәбеттің бұзылуы жатады.

Күзгі хандра бірнеше себептен пайда болуы мүмкін:

  • Күндізгі жарықтың қысқаруы. Күндізгі жарық қысқарғандықтан, күн сәулесінің деңгейі төмендейді, бұл көңіл күй мен ұйқыға жауап беретін серотонин мен мелатониннің өндірісіне әсер етеді. Сондай-ақ ағзада D дәруменінің деңгейі төмендейді, бұл апатия мен депрессияға, көңіл күйдің өзгеруіне және энергияның төмендеуіне әкелуі мүмкін.
  • Температураның өзгеруі. Жылы күндерден салқын, суық мезгілге ауысу стресс пен ыңғайсыздықты тудыруы мүмкін, бұл психоэмоционалды жағдайға да әсер етеді.
  • Иммунитеттің әлсіреуі. Күз – тұмау маусымы, бұл иммундық жүйені әлсіретіп, жалпы хал-жағдайдың нашарлауына ықпал етуі мүмкін.

"Бұл факторлар бірігіп, күзгі хандраның пайда болуына шарт жасауы мүмкін. Ал ол депрессияның ауыр түріне айналуы мүмкін", – дейді дәрігер.

Көңіл күйді көтеруге және күзгі хандраны жеңуге мына әдістер көмектеседі:

  • Әлеуметтік өзара әрекеттесу: достарыңыз және жақындарыңызбен уақыт өткізіңіз, қоғамдық іс-шараларға қатысыңыз.
  • Тұрақты жаттығулар көңіл күйді жақсартатын эндорфиндердің пайда болуына ықпал етеді. Таза ауада серуендеңіз.
  • Сурет салу, музыка немесе жазу сияқты шығармашылықпен айналысу жағымсыз ойлардан арылуға және көңіл күйді көтеруге көмектеседі.
  • Арнайы жарық терапиясы шамдарын пайдалану күн сәулесінің жетіспеушілігін өтеуге және жалпы хал-жағдайды жақсартуға көмектеседі.
  • Рационға назар аударыңыз, дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды таңдаңыз.
  • Кітап оқу немесе фильм көру де жағымсыз ойлардан арылуға көмектеседі.
Реклама
Реклама