1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Қылмыскерді жазуына қарап анықтауға бола ма? Графолог жауап берді

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Қылмыскерді жазуына қарап анықтауға бола ма? Графолог жауап берді ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото: Коллаж: depositphotos.com

Графолог-психолог Лариса Дрыгваль қылмыскерлерді жазу стиліне қарап анықтауға болатыны жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол ресейлік журналист Юлия Меньшоваға берген сұхбатында мәлімдеді. 

Ол Ресейде графолог мамандар күдіктіге қатысты талдауын сот істерінде айтуға құқылы екенін және бұл салада бірнеше зерттеулер жүргізгенін айтты. 

"Мені барлау қызметіне де шақырған. Қылмыскерлердің немесе күдіктілердің жазуына қарап ақпарат айтып беруімді сұрайды. Мәселен, көбіне анонимді хаттарға талдау жасаймын. Онда бопсалауға ұқсас мәтіндер жиі кездеседі. "Бұл кім, қандай адам, не үшін жазды, қалай жазды?" деген сияқты сұрақтарға жауап табуға тырысамын. Мен жолыққан жағдайлардың 80-90 пайызы патологиясы, яғни ауытқуы бар жандардың хаттары. Нақты бір жағдайды атап айта алмаймын. Бірақ графолог ретінде менің сотта күдікті жайлы жасаған талдауымды айтуыма құқығым бар", - деді ол. 

Маман өзінің соңғы жасаған талдауының дәл түскенін де бөлісе кетті. 

"Соңғы болған бір жағдайды мысал ретінде айта кетейін. Соңғы рет пәтердің сатылымына қатысты бір іске талдау жасадым. Онда күдікті белгілі бір сомаға түбіртек жазып берген екен. Жазуына қарап, психологтармен бірге күдікті туралы ақпарат жазып бердік. Мінез-құлқына байланысты сараптама тағайындап, ұсындық. Күдікті ақыры қылмыскер болып танылды", - деді ол сұхбатында. 

Айта кетейік, графология – адамның жеке тұлғалық қасиеттерін қолжазу арқылы зерттейтін ғылым. Графологтар қолжазудың пішіні, әріптердің мөлшері, сызықтардың қаттылығы мен қалыңдығы, әріптер арасындағы арақашықтық сияқты көптеген белгілерді талдайды.

Бұл ғылым XIX ғасырдың соңында Францияда пайда болды және оның негізін салушылардың бірі Жан-Ипполит Мишон болды. Ол әріптердің формасына қарап, адам мінезінің белгілерін анықтауға болады деген пікірді алға тартты.

Реклама
Реклама