Мандариннің тосын қаупі ескертілді

Фото ©️ Tengrinews.kz архивінен

Мандарин мен өзге цитрус жемістерге тауарлық түрін сақтау үшін химикаттар қолданылады, ал оның көп мөлшері денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Бұл жөнінде диетолог Дженни Чише ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, зең саңырауқұлақтарын басу үшін цитрустардың қабығына жиі имазалил мен тиабендазол жағылады. Бұл бауырға және эндокрин жүйеге әсер етеді. Өңдеуге қолданылатын басқа химикаттар да тері тітіркенуі, зат алмасу және жүйке жүйенің бұзылыстар сияқты жағымсыз белгілер тудыруы мүмкін.

Чишенің айтуынша, аз мөлшерде бұл заттар зиян келтірмейді, алайда көп мөлшерде қауіпті болуы ықтимал. Ең үлкен қауіп - цедраны (қабығының ішкі бөлігі) тағамға пайдалану, сондай-ақ одан түрлі тағамдар дайындау.

Денсаулықты қорғау үшін диетолог жемістерді мұқият жууға, ал цедраны ас әзірлеуде қолданар алдында сабынмен және щеткамен қосымша тазалауға кеңес берді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама