Мобиль құрылғыларды тіркеу. IMEI-код туралы білу керек кеңестер
#1 IMEI-код дегеніміз не?
IMEI код - құрылғы, кепілдік талонында және телефон қорапшасында көрсетілген 15 цифрдан тұратын сериялық нөмір. Ол SIM-карта жұмыс істейтін барлық құрылғыда бар. Код SIM карта ұяшығына жазылады, яғни құрылғыда екі слот болса, онда оның екі IMEI коды болады.
Құрылғының кодын білу үшін * # 06 # комбинациясын теру қажет. Бұл пәрмен телефондарға арналған, оператормен байланысы жоқ.
IMEI код мобильді операторлар мен құқық қорғау органдары смартфон немесе басқа құрылғының нақты сіздікі екенін білуі үшін қажет, сондықтан оны тіркеу керек.
#2 Құрылғының IMEI-кодын қалай тіркеуге болады?
Ұялы байланыс операторлары IMEI кодтарын тегін тіркейді. Тіркелу жолын білу үшін өз операторыңыздың қоңырау шалу орталығына хабарласыңыз.
Beeline желісінің баспасөз қызметі өкілдері *835# пәрменін теру арқылы телефонның тіркелгенін тексеруге болады деп хабарлады. Алдымен сізге SMS хабарлама келеді. Кейін құрылғы тіркелмеген болса, 6914-ке өзіңіздің ЖСН нөміріңізді SMS арқылы жолдай аласыз. Бұл жағдайда SMS жіберілген құрылғы тіркеледі.
"Жүйе ЖСН-ді қабылдайды, жіберілген нөмірдің иесіне сәйкестігін тексереді. Барлығы дұрыс болса, ЖСН жіберілген телефонның IMEI коды осы деректерге қосылады. Ал қалғанын жүйе автомат түрде жасайды", - деп хабарлады Beeline желісінің баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, осы желінің пайдаланушылары *691# пәрменін теріп, 6914 нөміріне қоңырау шалып, операторға ауызша айтып, "Менің Билайным" қосымшасына тіркеліп немесе компанияның кез келген кеңсесіне келе алады.
Сонымен қатар, QIWI рқылы телефонның балансын толтыру қажет болса, төлем терминалына тіркеу ұсынылады. Ал шалғайдағы ауылдарда технологияны нашар түсінетін адамдарға көмекке "Қазпочта" қызметкерлері келеді.
"Жақсы ойластырылған тіркеу жүйесі бар, алдымен почта операторы өзінің сәйкестендіру кодын енгізеді, содан кейін ғана абоненттің деректерін жазады. Яғни бәрі мөлдір болады, ал кейін деректер қайдан және қалай келгенін анықтауға болады", - деп сендірді "Beeline" баспасөз қызметі өкілдері.
Телефонның екі SIM картасы болса, екі IMEI кодты да тіркеу керек болады. Сонымен қатар SIM карталардың орындарын ауыстырсаңыз, телефонды қосқаннан кейін жүйе оны автомат түрде көреді.
Жүйе ЖСН-ді қабылдамаса, онда бұл телефон басқа адамға тіркелген деген сөз. Мұндай жағдайда ұялы байланыс операторына хабарласу керек.
#3 Жаңа телефон сатып алғанда не істеу керек?
Beeline баспасөз қызметіндегілердің хабарлауынша, жаңа гаджет сатып алған кезде көп жағдайда авторизация автомат түрде жүреді.
"ЖСН нөміріңізді мұның алдында ұялы байланыс операторының базасына енгізсеңіз, онда сіздің ЖСН және толық аты-жөніңіз жүйе бар. Слотқа SIM-картаны салғанда, жүйе құрылғының іздестіру тізімде жоқ екенін, полицияға немесе Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз келмегені және оның заңды сатып алынғанын көреді. Осылайша жүйе автомат түрде оны сізге байланыстырады", - деп хабарлады компания өкілдері.
Оператор ұсынатын жалғыз нәрсе - тіркелгеніңізді *835# нөмірі арқылы тексеру немесе "Менің билайным" қосымшасына кіру.
#4 Бұрындары қолданыста болған телефонды сатып алған жағдайда не істеу қажет?
Кез келген қолданылған телефонды алдымен ұялы байланыс операторларына хабарласып тексерген жөн. Себебі ол басқа адамға тіркелген болуы мүмкін. Дұрысында қолданылған телефонды мүлдем алмаған дұрыс.
Базарда келе жатқанда басқа адамға тіркелген, ұрланған немесе мүлде жұмыс істемейтін телефон алу қаупі бар.
Құрылғы бастапқыда өзге адамға тіркелген, бірақ одан алынған болса, өзіңіздің SIM-картаңызды салып, қайта тіркеу қажет. Ал сатып алынған телефон әлі өзге біреудің атына тіркелген болса, онда байланыс операторыңыздың кеңсесіне хабарласыңыз.
"Бұл жүйе құрылғы иесін қорғайды. Мысалы телефоныңызды ұлрап кетсе, операторыңызға хабарлассаңыз оны толығымен өшіріп тастай алады. Ол жәй ғана пластик күйде қалады. Телефонды сата алса да ол жұмыс істемейді. Ал телефонды қадағағыңыз келсе, алдымен полицияға арыз жазып, содан кейін нұсқауларды орындаңыз", - деп түсіндірді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
Сондай-ақ, тіркеу сізді телефонды сатқанда қорғайды. Операторлар құрылғыны дереу атыңыздан шешуге кеңес береді. "Мысалы сатқаннан кейін екі сағат өткенде телефоныңыздан қоңырау шалып, мына жақта бомба бар деп белгісіз біреу хабарласса, бәрібір жауапты сіз боласыз", - деп хабарлайды Beeline баспасөз қызметі өкілдері.
#5 Ұялы байланыс операторларын ауыстырған жағдайда не істеу керек?
Бір байланыстан екіншісіне тек компанияның оператор кеңселерінде ғана ауыса аласыз. Сіз керекті құжаттарыңызды көрсеткеннен кейін консультанттар сіздің деректеріңізді тексеріп, оларды дерекқорға (базаға) енгізеді. Содан кейін ғана сіз құрылғының тіркелген пайдаланушысы бола аласыз.
#6 2019 жылдың 1 қаңтарында не болады?
Тіркелмеген ұялы құрылғының қолданушыларына 2019 жылдың 1 қаңтарының түн ортасынан бастап қызмет көрсетілмейді. "Біз көктемнен бастап ұялы телефондарды тіркеп жатырмыз. Ұялы байланыс операторы сізге IMEI кодын тіркеуге мүмкіндік береді, бірақ заңға сәйкес абонент өзі тіркелуі тиіс, оператор емес. Бұл рәсімді барынша жеңілдетуге тырыстық, қалғанына пайдаланушы жауапты. Егер тіркелмеген қолданушы 1 қаңтарда түнде байланыс желісіне шыққысы келсе, "Beeline" оны автоматты түрде тіркелу парақшасына бағыттайды. ЖСН енгізілгеннен кейін, желі оған қайта қол жетімді болады", - деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.
#7 Туристер не істейді?
Өз елінің роуминг байланыс желісін қолданатын шетелдік туристер үшін еш қиындық тумайды. Компанияның кеңселерінде қазақстандық ұялы байланыс SIM-карталарын сатып алатын туристер өз құжаттарын ұсынғаннан кейін, олар да IМEI-код базасында тіркеледі.