Мопедті тіркеу үшін не қажет: құжаттар тізімі
2025 жылдың көктемінен бастап Қазақстанда жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірі жоқ мопедпен жүруге тыйым салатын жаңа ережелер күшіне енеді. Осыған байланысты ІІМ мопедтерді мемлекеттік тіркеу ережелеріне тиісті түзетулер әзірледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Мопедті тіркеу үшін жүргізуші арнайы қызмет көрсету орталығына барып, мыналарды ұсынуы керек:
- жеке куәлік немесе оның электрондық нұсқасы;
- Салық кодексінің 553 және 615-баптарына сәйкес тіркеу алымы мен мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттар;
- мопедтің техникалық құжаты бар болса немесе оның сипаттамалары туралы ашық көздерден алынған мәліметтер;
- көлік құралының иесінен өтініш;
- көлік құралын тексеру актісі.
Егер мопедте жақтау нөмірі болмаса, тіркеу әрекеттері жүргізілгенге дейін иесінің сұрауы бойынша уәкілетті орган сәйкестендіру нөмірін береді.
Сонымен қатар, енгізілген түзетулерге сәйкес, тіркеу кезінде мопедке меншік құқығын растайтын құжаттар талап етілмейді.