1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Неге жүргізушілердің арқасы ауырады және оны қалай басуға болады?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Неге жүргізушілердің арқасы ауырады және оны қалай басуға болады? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Жүргізушілер, әсіресе кәсіпқойлар, арқа ауруы бойынша әрқашан қауіпте жүреді. Мәселе, әрине, статикада және ұзақ уақыт қозғалыстың болмауынан. Олар көп жағдайда бір қалыпта отырады, көп қимыл жасамайды, денесін шиартпайды. Бұдан кейін бұлшықеттер жансызданады, буын сұйықтығының алмасуы бұзылады. Мұның бәрі арқадағы ауырсынуға ықпал етеді. Ұзақ сапарға шыққанда арқаңыз ауырмауы үшін не істеу керек және қалай алдын алуға болады? Толығырақ - Massaget.kz материалында.

Кептеліс, ұзақ сапар, күнделікіті қарбалас - мұның бәрі жүргізушіні күні бойы рульде отыруға мәжбүрлейді. Ал кешке қарай физикалық және психикалық шаршау ғана емес, сонымен қатар арқа, бел, мойында және тіпті аяқта ауырсыну болады.

Арқа неге ауырады?

Мұның бірнеше себебі болуы мүмкін. Бірінші және ең айқыны - тірек-қимыл аппараты аурулары. Бұл жағдайда тек дәрігер, арнайы корсет және медициналық массаж көмектеседі.

Екінші себеп (ең көп таралған) - рульде дұрыс отырмау. Көп жүргізуші рульде жартылай шалқайған күйде отырады. Бұл позиция бәріне зиян – қауіпсіздікке де, арқаға да. Жүргізуші дұрыс отыруы керек - автомектепте үйреткендей.

Үшінші себеп - ыңғайсыз орындық. Иә, мұндайда болады. Әр көліктегі орындық өз үлгілеріне сәйкес жасалады және олардың арсында сәтсіз шыққандары да болады. Жаңа көлік сатып аларда оның техникалық сипаттамасына, дизайны мен жабдықтарына ғана емес, сонымен қатар эргономикаға да назар аударған жөн. Жайлылық пен қауіпсіздік бұған тікелей байланысты.

Ауырсынуды қалай басуға болады?

Ұзақ сапарға шыққанда денені ширатып, демалу үшін қысқа аялдама жасау ұсынылады. Өзіңз үшін 5-10 минутты аяудың қажеті жоқ. Тоқтап, аяқ-қолыңызды ширатып, керіліп, бұлшықетіңізді созып алсаңыз, бұл жолды шаршамай жүріп өтуге пайдасын тигізеді. Тіпті аздаған қимыл жасасаңыз, арқаңыз қатты ауырсынбайды.

Қалай алдын алуға болады?

Ауырсыну мен аурудың алдын алу оны емдеуден оңайырақ. Алдын алу шаралары тиімді болуы үшін тек үш аспектіге назар аудару маңызды: отырған қалпыңыз, физикалық белсенділік және жүргізуші орындығы.

  • Орындықтың арқасын дұрыс қалыпта (100–110°) болатындай етіп реттеңіз. Ол тым шалқайып немесе тым еңкейіп тұрмауы керек;
  • Газ немесе тежегіш педалін түбіне дейін басқанда, аяғыңыз аз ғана бүгілетіндей болсын;
  • Кеуде мен руль арасында 30–40 см қашықтық болуы керек - осылайша қолыңызбен маневр жасауға ыңғайлы кеңістік болуы керек;
  • Мойныңыз талмас үшін басыңызды тік ұстаңыз, орындықтың басын тік болатындай етіп реттеңіз;
  • Рульдің биіктігін алақаныңыз руль мен тізеңіздің арасына тігінен сиятындай етіп реттеңіз.

Егерде арқадағы ауыру шыдатпай, жаттығу және дұрыс отыру көмектеспеген болса, дәрігерге жүгінгеніңіз жөн. 

Реклама
Реклама