12 желтоқсан 2023 12:23

Неге қазақстандық әйелдер тиран күйеуіне шыдайды? Психологтар 5 себебін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Бас прокуратура мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 80 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Неге кейбір ер адамдар әйелге қол көтереді? Неге әйелдер көбіне шыдап, кейде агрессорды ақтап жатады? Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық психологтармен сөйлесіп көрді.


Бас прокуратура мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 80 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Неге кейбір ер адамдар әйелге қол көтереді? Неге әйелдер көбіне шыдап, кейде агрессорды ақтап жатады? Tengrinews.kz тілшісі қазақстандық психологтармен сөйлесіп көрді.

Көп адам: "Өзі ақымақ, кетіп қалмай ма" дейді. Психолог Қайыржан Сапаның айтуынша, зорлық-зомбылық дегенді білмейтіндер осылай дейді. Психолог Айдос Ибрагим әріптесінің пікірімен келіседі: егер бәрі оңай болса, үйдегі агрессорлардың қолында қыршылған өлім мен өмір әлдеқайда аз болар еді.

Қорқыныш
 
Қайыржан Сапаның айтуынша, агрессор жұбының кету үшін заттарын жинап жатқанына жай қарап отырмайды. Әйелдің кету туралы шешімі оның басқа бір зорлық-зомбылық әрекетін жасауына себеп болуы мүмкін. Өйткені ол жәбірленушіге бақылауды жоғалтып алуы мүмкін екенін түсінеді.

"Әйелдер көбінесе өздерін қорғауға қорқады, өйткені бұл өзі қорқып тұрған әйелге агрессияның одан да үлкен толқынын тудыруы мүмкін", - деп түсіндіреді ол.

Әйел не жасырын, не отбасы, құқық қорғау органдарының қолдауымен ғана кете алады.

Ұят

Сарапшылардың айтуынша, бұл біртүрлі көрінуі мүмкін, бірақ көбінесе әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болудан ұялады, ол оқиғаға өзін кінәлі сезінеді немесе әлсіз және дәрменсіз болып көрінуден қорқады.

"Балаға қандай болсын әке керек" және "ұят" - бұл ұғымдар қоғамның бір бөлігі. Әйел "үйдегіні сыртқа шығармауға" тырысады. Ал қоғамда қалыптасқан стереотиптерді ескере отырып, әйелдер көбіне отбасын тастап кетпейді, зорлық-зомбылық дерегін жасырады. Олар өзін түсінбей қалады деп немесе сөз болады деп, тіпті жақын адамдарға не болып жатқаны туралы айтпайды.

Әйелдердің қанша пайызы осы азаптан құтыла алады? Өте аз. Қоғамда патриархал көзқарас басым, бұл әйелдердің "сен кінәлі" деген сыннан қорқатынын білдіреді", - дейді Сапа.

Тәуелділік

Айдос Ибрагимнің айтуынша, зорлық-зомбылық болған кезде ерлі-зайыптының екеуі де жәбірленуші мен агрессор үлгісінен бас тарта алмайтындықтан бірге өмір сүруді жалғастырады.

"Көбінесе отбасында ерлі-зайыптының бауырбасу процесінде, яғни тәуелділік қалыптасады. Бұл ретте әр адамның психологиялық пайдасы бар. Көбінесе, зорлық-зомбылық болған кезде, ерлі-зайыптының екеуі де уақыт өтсе де некеде өмір сүреді. Бұл жәбірленуші мен агрессор үлгісінен екеуі де бас тарта алмауының салдары. Осылайша, жәбірленуші әдеттегі өмір салтын жоғалтып алмау үшін көбінесе агрессорын ақтайды", - деп түсіндірді ол.

Бәрі балалық шақтан басталады

Сондай-ақ, сарапшылар балалық шақтағы ауыр тәжірибелер есейген кезде адамды зорлық-зомбылыққа төзімдірек ететінімен келіседі. Махаббат зорлық-зомбылықпен астасып жатқан сияқты, бірін екіншісінен ажырату қиын.

Бұл арада психолог Сапа ер адамды үйдегі тиранға айналдыратын тек балалық шақтағы қиындық еместігін айтады. Көбінесе себептер әйелдің алдындағы эмоционалды әлсіздікте жатыр.

"Ер адамдар эмоционал-ерікті аспектіде әлсіреген. Тәрбие фонындағы жауапкершіліктің ауысуы, қандай да бір қиындықтардан аулақ болу, жетілмегендік - осының бәрі көбінесе қазіргі ер адамдарды эмоционалды етеді. Ал адам эмоцияға берілсе, ол мәселелерді конструктивті түрде шешуді тоқтатады. Ал кейбіреуі зорлық-зомбылыққа барады", - деп сендірді Сапа.

"Өзімнің кінәм"

Зорлық-зомбылық әрекетінен кейін агрессор әйелді арандатып, зорлық-зомбылық жағдайына "соған жеткізді" деп кінәлауы мүмкін. Ол дұрыс емес отырды, дұрыс емес қарады, тамақты дұрыс әзірлемеді және т.б. Көптеген әйел бұған шын сенеді.

"Көптеген әйелдер осылай құрылымдалған - "мейірімді түрде". Кейбір оқиғалар, әрекеттер немесе шешімдер жақсылық позициясы арқылы қарастырылады және, әрине, көп жағдайда олар жағдайды сыни нүктеге жеткізді деп ойлайды. Болашақ келін таңдағанда таңдау критерийінің бірі мейірімділік деп бекер айтпаған", – деп қосты Сапа.

Қалай нүкте қою керек?

Психологтар, ең алдымен, жұбайыңыздың мезгіл-мезгіл қол көтеретіні үшін өзіңізді кінәлауды тоқтатуға кеңес береді.

"Көптеген әйел агрессор күйеуінің әрекетіне сылтау іздейді, оларды аяйды, өздеріне күмәнданады және бәрін дұрыстау үшін дәлелдер іздейді. Біз шындықты қабылдап, адамның қайда екенін, нені бастан өткергенін және болашақта нені қалайтынын түсінуіміз керек. Және бұл процестің сәттілігінің үлкен үлесі оның қоршаған ортасы болады, ол оны қолдайтын және оның өзіне шегінуіне жол бермейді, оны тартады, оны осы сұмдықтан шығаруға көмектеседі. Ұсыныс ретінде мен жақсы, сауатты психологқа барып, осы жағдайды толық талдауды ұсынамын", - дейді психолог Сапа.

Айдос Ибрагимнің айтуынша, агрессордан оқшаулану керек. Және, әрине, көмек үшін мамандарға жүгіну керек.

"Психологпен жұмыс істеу жәбірленушінің агрессорға қайтып оралғысы келетінінің себептерін түсіну үшін қажет. Көп жағдайда осылай болады. Өкінішке қарай, бұл жиі өлімге әкеледі, өйткені бұл агрессорда жазасыздық сезімін тудырады. Адамның неге зорлық-зомбылыққа ұшырайтынын және жолында агрессорларды кездестіретінін түсініп, ол өз бетімен жұмыс істеуге кірісуі керек. Дегенмен, агрессордан оқшаулану алғашқы кезеңдерде құрбанынан айырылып қалудан қорыққан агрессордың кешірім сұрай отырып, аз уақытқа мұндай болмай қалуына және құрбанымен рөлдерін ауыстыруына әкелетінін баса айтамын. Әрине, ешбір жағдайда кешірмеу керек", - деп кеңес береді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети