1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаевтың елордадағы алғашқы резиденциясы қандай?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Нұрсұлтан Назарбаевтың елордадағы алғашқы резиденциясы қандай? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Осыдан 20 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс күндері елордалық резиденцияның осы кабинетінде өтті. Ондағы кабинеттер мен залдардың барлығы осы күнге дейін сақтаулы тұр. Тұңғыш Президент күні қарсаңында Tengrinews.kz тілшілері қазіргі уақытта Елбасы музейі орналасқан Мемлекет басшысының бұрынғы Әкімшілігінде болып қайтты.

Реклама
Реклама

Кабинетке кірер жерде тұрған қызыл жолақ музей келушілеріне ары қарай өтуге болмайтынын білдіреді. Бірақ музейдегілер БАҚ өкілдеріне Президенттің жұмыс орнын көрсету мақсатында залға қарай өтуге рұқсат берді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс үстелінің оң жағында бірнеше телефонды көруге болады. Онымен қоса, телефондардың батырмалары көп екенін де байқайсыз. Соған қарағанда Президент Жақсыбаев, Ертісбаев, Мәсімов, Нығматулин, Шүкеев және Тоқаевпен тікелей байланыста болған. Телефонда саясаттан кеткендердің де аты-жөні сақтаулы тұр.

"Жұмыс дағдысы сол қалпында. Еш өзгермеген. Тек кейбір залдарда музей экспозициялары орнатылған", - дейді ҚР Тұңғыш Президенті музейінің экскурсия қызметінің басшысы Әсел Шоткина.

Мемлекет басшысының автоқаламы.

2005 жылы Нұрсұлтан Назарбаев құжаттарға қол қойған тағы бір қаламы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының кабинетінде бірнеше зона бар. Онда үлкен үстел бар. Ол үкімет мүшелерімен, Әкімшілік қызметкерлерімен, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлермен, шетелдік қонақтармен кездесу өткізуге арналған.

Сонымен қатар, Президенттің жұмыс күнін сағат бойынша белгіліп қойғанын байқауға болады.

"Сағат 11-де - мемлекеттік марапаттарды беру, сағат 12-де "Отан Ана" мемориалына гүл шоғын қою". Сондай-ақ, Президенттің папкаларында "Президент бақылауында" деп көрсетілген қағаздар сақтаулы тұр.

Президенттің жұмыс үстелінің жанында Назарбаевтың Сара Назарбаевамен және немерелерімен түскен суреттері сақталған.

Музейдегілердің айтуынша, Президент қызметінің басым бөлігі осы жұмыс кабинетінде өтті.

Президенттің жұмыс үстеліне қарама-қарсы жерде еліміздің картасы тұр. Онда пайдалы қазбалардың басты жерлері көрсетілген.

Сондай-ақ, кабинетте елтаңба, ту және еліміздің Конституциясы сақтаулы.

Сонымен қатар, Президенттің жұмыс кабинетінде бірнеше есік бар. Көбі "Онда не бар?" деген сауал қояды.

"Расында да бұл барлығына қызық. Бастапқыда біз де келушілерге осы қызық болады деп ойладық. Олар осы есіктердің арғы жағында не бар екенін білгісі келеді. Мемлекет басшысы бір есік арқылы камин тұрған залға немесе қысқы баққа өте алатын. Яғни, ол қабылдау бөлмесінен өтпейтін. Ал тағы бір есік арқылы Президент Мәжіліс залына өтетін. Міне, осылай", - деді Әсел Шоткина.

Мәжіліс залы.

Қазіргі уақытта Мәжіліс залында республика болып құрылумызға арналған экспозиция орналасқан. Осыған дейін бұл жерде Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелерімен отырыстар өткізіп, әкімдерді жинап, Әкімшілік бөлімшелерінің басшыларымен және журналистермен кездесу ұйымдастыратын.

Мұнда мұрағаттағы құжаттар мен суреттер сақталған. Бұл 2015 жылдың сәуірінде президент сайлауынан кейін Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген куәлік.

Ал мына мәлімдемені Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылдың 1 желтоқсанында дауыс берушілердің 98,7 пайыз дауысын жинағанда жасаған.

 "Мәжіліс залында Президентті ұлықтау рәсімінің реконструкциясы көрсетілген. Бұрын мұнда әкімдермен және министрлермен кездесулер өтетін. Сондай-ақ, ол кезде мұнда үстелдер ғана болатын. Ал қазір мұндай дивандар бар", - деді музей қызметкері Әсел Шоткина.

Алтын зал. Назарбаев мұнда жоғары деңгейдегі келіссөздерді өткізетін. Дәл осы залда Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдардың соңында Астананың бас жоспарын талқылап, қабылдаған болатын.

Ал мына суретте жапон сәулетшісі  Кишо Курокава Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің эскиздерін көрсетіп жатыр.

 

Президенттің жазбаларына қарағанда, ол 1997 жылы елорданы Ақмолаға көшіру жайлы ғана ойдаған жоқ. Сол кездің өзінде Назарбаев еліміздің 2020 жылға дейін даму бағдарламасын дайындады. Мемлекет басшысы сол кезде үкіметтің жаңа құрылымы жайлы және мектептерді компьютерлендіру жайлы ойлаған.

Тағы бір жазбаларда Назарбаев Астана жайлы жазған. "Қақпалар  (...) алып тастау, ағаштар отырғызу...".

Резиденцияның екінші қабатында тамақтанатын залды көруге болады. Үстел үстінде осыған дейін қолданылған ыдыстар тұр.

Тамақтанатын залдың қасында демалатын зал бар.

Қазақстан Президентінің ескі резиденциясында Ресей мен Әзірбайжан президенттері болған.

2003 жылы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік кинорежиисер Владимир Меньшовпен кездесу өткізген.

Айта кетейік, Президенттің алғашқы резиденциясында екі қабылдау бөлмесі болған.

Сондай-ақ, онда Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын жұмыс кабинеті де болған. Ол Қауіпсіздік кеңесі отырысы өтетін залдың қасында орналасқан. Бірақ ол залды суретке және видеоға түсіруге болмайды екен.

"Күміс залда реэкспозиция жүріп жатыр. Президент 2001 жылы Рим папасы Иоанн Павлмен кездескен", - деді музей қызметкері Әсел Шоткина.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы резиденцияда 7 жыл жұмыс істеген. Ал 2004 жылдың желтоқсанында Президент Ақордаға көшті.