21 тамыз 2014 17:28

Оралманның айы оңынан туа ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Алаш айнасының иллюстрациясы ©Алаш айнасының иллюстрациясы

Екі күннен бері қазақ ақпарат құралдары бір-бірінен сүйінші сұрасып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тамыздың 6-сы күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Сырттағы отандастарымыздың келуіне жол ашып, олардың ел ішінде орналасуына жағдай жасауымыз керек» деген мәлімдемесімен қуана бөлісіп жатыр. Өкінішке қарай, біздің Үкіметте оралманға қарсы саясат ұстанып отырған бір мүдделі топ бар сияқты болады да тұрады.

Мәселен, 2011 жылы Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының ІҮ құрылтайында Елбасы шетелдегі қазақтардың Қазақстан үшін маңызын айқындап, оларды, әсіресе, жастардың көптеп қоныстануына жол ашу қажеттілігіне тоқталды. Ол кезде біз бүкіл қазақ бөркін аспанға атып қуанған болатын. Бәріміздің көкейімізде Құрылтайдан кейін шеттегі қазақ Қазақстанға ағылады деген ізгі үміт тұрды. Алайда Құрылтай өте салысымен, қазақтарды әкелуге жол ашудың орнына, оларды атамекенге оралтпаудың түрлі сылтауы ойлап табыла бастады. Құрылтай өткен соңғы үш жылда оралманның өтпеген өткелегі жоқ. Әуелі «Азаматтық туралы» заң қабылданып, онда оралмандардан келген елінің азаматтығынан шығып келуді талап ететін бап енгізді. Бұл заң ақпарат құралдарында әжептәуір дау туғызды. Ұзақ пікірталастың нәтижесінде Елбасының арнайы Қаулысымен аталған баптың күші жойылды. Бірақ, аз уақыт өтпей жатып, оралмандарды тұрақты тіркеуге қатысты талаптарды күшейтетін жаңа Қаулылар қабылданды. Міне, тұрақты тіркеудің шырғалаңы қажытқан оралмандарды күнде кездестіретіндей дәрежеге жеттік.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети