Қазақстандықтарға жоғары білім алуға пайызсыз несие беріледі

Қазақстандықтарға жоғары білім алуға пайызсыз несие беріледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда елдегі жоғары оқу орындарында білім алу үшін пайызсыз несие беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі inbusiness.kz мәліметіне сілтеме жасап.

"Биыл төрт жаңа құрал жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін іске қосылып жатыр... Тағы бір құрал - биылдан бастап, жылдың аяғында оны ресми түрде іске қосамыз, бірнеше екінші деңгейлі банктер және қаржы орталығымызбен бірлесіп заңнамалық түрде пысықтаған пайызсыз несие беру іске қосылып жатыр - пысықтау аяқталып жатыр. АҚШ-тағыдай жоғары білім алу үшін пайызсыз несие алуға болады", - деді Саясат Нұрбек.

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама