Қолма-қол ақшаға пәтер сатып алу: неге сақ болу керек?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда жаңа тұрғын үйлерден пәтер сатып алғанда қолма-қол ақшамен есеп айырысуға тыйым салынды. Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков егер құрылыс компаниясы қолма-қол төлем жасауды талап етсе, неге сақ болу керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда жаңа тұрғын үйлерден пәтер сатып алғанда қолма-қол ақшамен есеп айырысуға тыйым салынды. Құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков егер құрылыс компаниясы қолма-қол төлем жасауды талап етсе, неге сақ болу керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

31 тамыздан бастап Қазақстанда тұрғын үйді үлестік қатысу арқылы сатып алудағы тәуекелдердің алдын алуға бағытталған жаңа ережелер күшіне енді. Енді салынып жатқан үйдегі үлес үшін барлық төлем тек банк арқылы есеп айырысу жолымен жүргізілуі тиіс.

Жүнісбеков құрылыс компаниясы сатып алушыдан тек қолма-қол төлем талап етсе, неге назар аудару қажет екенін айтты.

"Егер құрылысшы қолма-қол ақшамен төлеуді талап етсе, мен сіздің орныңызда ойланар едім және оны "Қазреестр" арқылы тексерер едім, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар ма. Заң күшіне енді, барлық құрылысшы соңғы өзгерістерді біледі. Бұл жағдайда есеп айырысу өте қарапайым: банкке барып, төлемді құрылысшының шотына аудару жеткілікті. Мұнда ешқандай қиындық жоқ", - деді ол ОКҚ брифингінде.

Комитет төрағасы жаңа ережелер пәтер бағасына әсер етпейтінін де атап өтті.

Өз кезегінде Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов енді екінші деңгейлі банктер үлескердің "Қазреестр" жүйесінде тіркелген шарты бар-жоғын тексеруге міндетті екенін айтты.

"Егер шарт болса - демек, құрылысшы заңды түрде жұмыс істеп отыр. Егер шарт жоқ болса, банк операция жасаудан бас тартады. Мұндай жағдайда құрылысшыға барып, анықтау керек, өйткені бұл оның құқықтық алаңнан тыс жұмыс істеп жатқанын білдіреді", - деп түсіндірді Лепесов.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама