1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Самокатпен қағып кетті: не істеу керек және қалай өтемақы алуға болады?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Самокатпен қағып кетті: не істеу керек және қалай өтемақы алуға болады? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото:depositphotos.com

Күн жылына бастағандықтан, қала көшелерінде самокат және велосипед теуіп жүрген адамдар көбейіп келеді. Мұндай кезде самокат немесе велосипед теуіп келе жатқан адам жаяу жүргіншілерді қағып кететін жағдайлар жиі кездеседі. Сізді самокатпен қағып кетсе, не істеу керек және қайда шағымдану керек? Бұл сұрақтарға заңгер Надежда Гельдт Tengri Life басылымына жауап берді.

Алғашқы әрекет

Маман оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері мен жедел жәрдемді шақыру керегін айтты.

"Жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алу фактін анықтап, оны қағазға түсіреді. Ол сізге өтемақы талап етіп сотқа жүгінген кезде дәлел бола алады. Немесе бірден ауруханаға барыңыз, бастысы, дәрігерлер сіздің самокат немесе велосипед тепкен адамның әрекетінен жарақат алғаныңызды орнату керек", - дейді заңгер.

Өтемақы

Жарақат алған тұлға өтемақы алуға толық құқығы бар: ем үшін, мүлікке залал келгені үшін, мысалы, ұялы телефоныңызды сындырып алсаңыз, табысыңыздан айырылсаңыз, егер осы жағдайдың себебінен өз міндетіңізді орындай алмай, кірісіңізді жоғалтсаңыз және сондай-ақ моральдық зиян келгені үшін өтемақы ала аласыз.

"Өтемақы алу үшін сотқа жүгіну керек. Сот өтемақы мөлшерін анықтайды және кінәліні жауапкершілікке тартады. Талап арызына құқық бұзушылықты дәлелдейтін барлық нәрсені және келтірілген залал дәлелдемесін (ауруханадан алған анықтама, мүлік жағдайын бағалау немесе бүлінген мүліктің жөндеу жұмысының чегі) бірге ұсыну керек, - дейді Надежда Гельдт.

Заңгердің айтуынша, егер самокат немесе велосипед тебуші адам оқиға орнынан қашып кетсе, онда полиция қызметкерлері кінәліні бейнебақылау камераларының көмегімен немесе самокат беретін компаниялар, яғни кикшеринг сервисі арқылы таба алады.

Реклама
Реклама