1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Суға батудан қалай сақтануға болады? Нені білу керек?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Суға батудан қалай сақтануға болады? Нені білу керек? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото: Pexels/Simon Migaj

Шомылу маусымы қызу жүріп жатыр, бірақ судағы қауіпсіздік ережелерін есте ұстаған жөн. Тыйымдар мен негізгі ережелерді елемеу трагедияға әкелуі мүмкін. ТЖМ қауіпті қалай байқау керек екенін және кенеттен судың "құрсауына" түссеңіз не істеу керек екенін түсіндірді. Толығырақ - Tengri Life материалында.

Қандай су айдындарында шомылуға болады?

ТЖМ қызметкерлері арнайы жабдықталмаған жерлерде тастар, су басқан бөренелер, темір кесектері, әйнек және басқа да заттар болуы мүмкін екенін түсіндірді. Олардың барлығы ересектер мен балаларға қауіп төндіруі мүмкін. Осы себепті шомылуға арналған жағажайларды таңдаған жөн.

Не нәрсеге назар аудару керек:

  • кемелерге, қайықтарға және моторлы қайықтарға жақын жүзу өте қауіпті;
  • өзендердің сағаларына жақын жерде шомылу ұсынылмайды;
  • лас суларды ағызатын жерлерде шомылуға болмайды.

Қандай жағдайларда жағада болған дұрыс?

Төтенше жағдайлар министрлігі суға түспеу жөн болатын үш жағдайды атап өтті.

  • Жедел немесе созылмалы аурулар. Егер сіз, мысалы, ревматизммен ауыратын болсаңыз, суға түсуге қатаң тыйым салынады. Сондай-ақ, егер температура көтерілсе немесе улану белгілері болса, суға шомылуға болмайды.
  • Мас күйде суға түсуге болмайды. Мұның бәрі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
  • Қатты шаршасаңыз да суға бармау керек. Егер әлсіздікті сезсеңіз, жағада қалғаныңыз жақсы.

Қатты ағысқа түсіп кетсеңіз не істеу керек?

"Егер күшті ағынға түсіп кетсеңіз, күш жұмсамаңыз және күреспеңіз. Өзен бойымен ағып бара жатқанда, диагональ бойынша ең жақын жағалауға қарай ағынмен жүріңіз. Алда иренді көрсеңіз, оның ішкі радиусына қарай ұмтылыңыз, онда ағын бәсеңдейді.

Егер иірімге түсіп қалсаңыз, өкпеңізге көбірек ауа жинаңыз, суға батып, бүйірге қарай қатты жүзіп шығыңыз", – деп кеңес береді ведомство.

Суға түсу кезінде сақталуы тиіс 10 ереже:

  • Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау және ересектердің қарауынсыз шомылуына жол бермеу.
  • Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған жерлерде, сондай-ақ "Шомылуға тыйым салынады", "Сүңгуге тыйым салынады", "Қауіпті! Иірім" белгілері қойылған жерлерде шомылмау.
  • Мас күйде шомылуға болмайды.
  • Жүзу шекараларын белгілейтін қалқымалардан тыс жүзуге болмайды.
  • Шағын көлемді кемелерге және басқа жүзу құралдарына қарай жүзуге болмайды.
  • Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды.
  • Жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды.
  • Қайықтардан, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастар, тастар, парапеттер, қоршаулар және басқа да заттар), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеу.
  • Ешбір жағдайда жалғыз шомылуға болмайды. Түнде шомылуға болмайды.
Реклама
Реклама