1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Тегеуірінді мемлекет құру - ата-бабамыз аманат еткен киелі мұрат

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Тегеуірінді мемлекет құру - ата-бабамыз аманат еткен киелі мұрат ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ардақты ағайын!

Қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиев жырлаған сан ғасырлар бойы тәуелсіздік жолында "мың өліп, мың тірілген" қасиетті қазақ халқы бүгін тағы бір азалы күнді бастан кешіріп отыр. Соңғы күндері елімізде орын алған қайғылы да қасіретті оқиғалар кезінде қаза тапқан барша азаматтарымыздың қазалары қайырлы болсын, имандары саламат болсын!

Тегеуірінді мемлекет құрып, оның болашағын баянды ету - сан ғасырлар бойы "түн ұйқысын төрт бөліп", "толарсақтан саз кешіп", ат үстінде айқасып өткен ата-бабаларымыздың аманат еткен киелі мұраты. 

Осынау ел басына күн туған қиын-қыстау шақтарда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев күндіз-түні халықпен бірге болып, жүрегінің халықтың жүрегімен бірге соғатынын, туған елінің мұң-мұқтажы мен қайғы-қасіретін, оның амандығын өзіне ең бірінші, қастерлі мұрат тұтатындығын Мемлекет басшысы ретінде, әрі туған халқының шын жанашыры ретінде айқын дәлелдеп берді. Президентіміздің асқан сабырлықпен дер кезінде қабылдаған, жан-жақты ойластырылған жүйелі шешімдері - елімізді аса ауыр тығырықтан алып шығып, мемлекеттігіміздің маңызды белесіне, жаңа сапасына жол бастады. 

Осынау тәуелсіздігіміздің шешуші кезеңінде "қабырғалы ел" ретінде Мемлекетіміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын жан-жақты қолдап, баянды істеріне атсалысайық!

Ермек Аманшаев, жазушы

Реклама
Реклама