Тоқаев, Путин және Астана аспаны

Тоқаев, Путин және Астана аспаны Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

27 мамырда Астанаға мемлекеттік сапармен Владимир Путин ұшып келді. Елорда әуежайында оны Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қарсы алды. Ресей президентін қарсы алу рәсімі қалай өткені туралы Tengrinews.kz тілшісінің репортажында. 

27 мамырда Астанаға мемлекеттік сапармен Владимир Путин ұшып келді. Елорда әуежайында оны Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қарсы алды. Ресей президентін қарсы алу рәсімі қалай өткені туралы Tengrinews.kz тілшісінің репортажында. 

— Tengrinews? TikTok-ты кім жүргізеді сіздерде?

— Сізге тегі, аты, әкесінің аты керек пе?

— Күлкілі екен. Соларға сәлем айтыңыз.

Владимир Путиннің Астанаға мемлекеттік сапары мен үшін күзетшілермен болған диалогтан басталды.

Путиннің өзі сағат 19:30-да ұшып келді. Қазақстан әуе кеңістігінде оны жойғыштар бастап жүрді.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

Мамырдың жылы кеші, осы айдағы соңғы мерекелік күн еді. Осыдан екі апта бұрын дәл осы жерде Ердоғанды қарсы алған болатын. Бүгін - Путин.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

Мемлекеттік сапар - бұл ең жоғары дипломатиялық мәртебе. Жазылмаған қағида бойынша, көшбасшы мұндай сапармен елге президенттік мерзімінде бір-ақ рет келеді. Путин үшін бұл - екіншісі. Қазақстандық та, ресейлік те БАҚ өкілдері көп болды.

Ил-96 ұшағының есігі 19:35-те ашылды. Мейман траппен төмен түсті.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшманов

Қазақ топырағында Президентіміз оны нық қол алысып қарсы алды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Көк кілемнің бойында балалар тұрды. Көк және ақ түсті киімдер. Қолдарында екі елдің тулары. Астана аспаны өте әдемі еді. Астананың аспаны әрдайым әдемі.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Әуежай үстінен Қазақстан мен Ресей туларын ілген екі тікұшақ ұшып өтті. Осыдан екі апта бұрын тікұшақтар бұл жерде Қазақстан мен Түркия туларын алып өткен еді.

Терминалда домбырашылар мен баяншылар Құрманғазының күйлері мен орыс әуендерін орындады.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев пен Путин қол шапалақтады.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ертең - жоғары деңгейдегі келіссөздер, құжаттарға қол қою, баспасөзге арналған мәлімдемелер және ЕАЭО саммиті.

Видеодан алынған кадр: Ақорданың баспасөз қызметі

Кортеж қалаға бет алды. Үстінде - Астана аспаны.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

Авторы: Айсұлтан Құлшыманов

Дайындаған: Нұрила Ермекбаева

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама