1. Басты
  2. Оқы
Реклама
Реклама

Ұялы телефоныңыз тыңдала ма?

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Ұялы телефоныңыз тыңдала ма? ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

Фото:elements.envato.com

Ұялы телефоныңызды белгісіз біреулер тыңдап, бақылай ма? Мұны анықтау үшін гаджеттегі - смартфон, ноутбуктағы бірнеше сипаттамалық белгілерді ескеру қажет. Бұл туралы киберқауіпсіздік, IT және маркетинг саласындағы сарапшы Евгений Питолин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өзге адамның сіздің гаджеттерге қол жеткізгенінің бірнеше белгісі бар. 

"Біріншіден, визуалды белгілер арқылы анықтаймыз. Олар смартфон үшін де, компьютер үшін де ұқсас болады. Мәселен, егер қуаты бірнеше есе тез таусылса және құрылғы қатты қыза бастаса, кенеттен камера мен микрофон қосылып/өшіп қалса, сөйлесу кезінде кейбір бөгде дыбыстар пайда болса немесе смартфон туралы айта бастағанда сөйлесу мүлдем тоқтатылып қалады. Тағы бір белгісі - смартфонда немесе ноутбуктан браузермен кірген кезде түсініксіз түрлі баннерлер көрінеді, сондай-ақ, таныс сайттардың көрінісі өзгереді" - деді Евгений Питолин.

IT саласын еркін меңгерген жандар құрылғыда қандай құқықтар бар екенін көруіне болады. Ол үшін параметрлерді (егер Android болса) немесе Windows немесе macOS жүйелеріндегі процесті қарау керек.

"Мысалы, сіз Ctrl+Alt+Delete пернелерін басқан кезде Windows жүйесінде бағдарлама менеджерін ашасыз және онда бірнеше бағдарлама атаулары шығады. Егер олар уақытша бағдарламалар сериясынан немесе кейбір абстрактілі сандар мен әріптер, нүкте, EXE белгілері шығуы мүмкін. Бұл - компьютерде кейбір зиянды бағдарламалардың немесе қолданбалардың бар екендігінің белгісі. Бірақ бағдарламалардың тізімін көру қиындық тудырады. Параметрінен кімнің қандай құқықтары бар екенін білуге болады. "Егер сіз өзіңіздің мекенжайыңызға, хабарламаңызға, телефон қоңырауларына, банк қызметіне қол жеткізе алатын қолданбаларды көрсеңіз, алайда рұқсат бермесеңіз - бұл сізді бақылауға болатындығының белгісі," – деп ескертті сарапшы.

Тағы бір маңызды белгісі - мобильді трафикті тұтыну. Егер құрылғы сіз қолданғаннан да көп трафик тұтынатын болса, сақ болу керек.

"Құрылғыңыздан iPhone-ға арналған Jailbreak сияқты кейбір хакерлік қолданбаларды көрсеңіз, бұл да сізді бақылау/тыңдау үшін орнатылғанын білдіреді", - деді Евгений Питолин.

Маманның айтуынша, мобильді құрылғыларға арналған қашықтан қол жеткізу және басқару бағдарламалары арқылы барлығына мүмкіндік мол. Яғни, құрылғыны толық басқару, камера мен микрофонды қосу/өшіру, дыбысты, бейнені, скриншоттарды жазу және т.б. әрекетті орындауға болады. Мысалы, шабуылдаушылар сіздің трафигіңіз, пернетақтада не теретініңіз туралы ақпаратты, сондай-ақ SMS-банкинг үшін алатын хабарламаларды жалған етіп ауыстыра алады.

"Зиянды бағдарламаларды анықтау және бақылау үшін не істеу керек? Біріншісі, жаңа күдікті қолданбаның бар-жоғын, трафиктің үлкен көлемін пайдаланып жатқанын немесе пайдаланбағанын жүйелі түрде тексеру. Екіншісі - байланыс шығындарын бақылау. Сіздің құрылғыңыздан кейбір сайт немесе серверлер үнемі кіретінін көрсе, трафик шығыны мол болса, онда сізді бақылап, тыңдайтынының ең басты белгісі екенін білу керек", - деп қосты сарапшы.

Реклама
Реклама