Жаңа телефон аларда нені тексеру керек? Министрлік маңызды құлаққағыс жасады

Фото:depositphotos.com

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі азаматтарға маңызды құлаққағыс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі азаматтарға маңызды құлаққағыс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Смартфон сатып алмас бұрын IMEI кодын тексеріңіз! Бұл сіздің құрылғыңыз заңды түрде тіркелгеніне және ешқандай шектеусіз жұмыс істейтініне көз жеткізуге көмектеседі", - деп жазылған хабарламада.

IMEI кодты *#06# нөмірі арқылы немесе құрылғының қорабынан, корпустан табуға болады.

"Кодты imei.kz сайтында тексеріңіз. Бар болғаны бірнеше минут уақытыңызды арнап, тіркелмеген немесе ұрланған телефон сатып алудан аулақ болыңыз", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мыңдаған телефон бұғатталуы мүмкін екені хабарланды. Жаңа талаптарға сәйкес елге алғаш рет әкелінетін барлық мобильді құрылғы міндетті түрде GSMA халықаралық деректер базасында, сондай-ақ, мемлекеттік салық және кеден жүйелерінде верификациядан өтуге тиіс. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама