Жол-көлік оқиғасын еурохаттама бойынша қалай рәсімдейді: нұсқаулық

Жол-көлік оқиғасын еурохаттама бойынша қалай рәсімдейді: нұсқаулық Фото:depositphotos.com

Жүргізушілер кішігірім жол-көлік оқиғасы болған кезде сақтандыру жағдайын полиция шақырмай және сотқа жүгінбей рәсімдей алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еске салды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Жүргізушілер кішігірім жол-көлік оқиғасы болған кезде сақтандыру жағдайын полиция шақырмай және сотқа жүгінбей рәсімдей алады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі еске салды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Міндетті автосақтандыру бойынша жеңілдетілген тәртіп - еурохаттама деп аталады.

Бұл қалай жұмыс істейді

ЖКО-ны бірнеше шарт сақталған жағдайда еурохаттама бойынша рәсімдеуге болады:

  • апатқа екі көлік қатысады;
  • екі жүргізушіде де қолданыстағы сақтандыру полисі бар;
  • залал сомасы 100 АЕК-тен аспайды;
  • қатысушылар арасында кінәлі тарапқа қатысты келіспеушіліктер жоқ;
  • ешкім зардап шекпеді.

Егер осы шарттардың біреуі болса да орындалмаса, полиция шақыру керек.

Қалай рәсімдейді?

Рәсімдеу үшін Europrotocol, DTP.kz мобильді қосымшаларының біреуін жүктеп алу қажет, сондай-ақ қызмет банк қосымшаларында бар.

Өз сақтандыру ұйымының ресми сайты арқылы өтініш беруге болады.

Одан кейінгі алгоритм қарапайым:

  • сәйкестендіруден өтту;
  • декларацияны толтыру;
  • ЖКО болған жерден фото мен видеоны тіркеу.

Бұдан соң өтініш автоматты түрде сақтандыру ұйымына жіберіледі.

Екі тарап та сақтандырушының декларацияны қабылдағаны туралы хабарлама алғанға дейін оқиға орнынан кетпеуі маңызды. Осыдан кейін ғана кетуге болады. Бұл жағдайда жол полициясын шақыру және сотқа жүгіну талап етілмейді.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еурохаттама іске қосылғаннан бастап жалпы сомасы 4,9 миллиард теңгеге 25 мыңға жуық сақтандыру оқиғасы рәсімделді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама