Қазір жарнама газеттерінде, телеарналардың жүгіртпе жолында «бағыңды ашып, бақытыңды табуға көмектесем, қашқан күйеуіңді тышқыратып отырып, үйіңе қуып әкелем, сүйгеніңе сүліктей жабыстырып, табыстырам» деген мазмұндағы жарнама таңсық болмай қалды. Ең қызығы – жұрттың басым бөлігінің сол жарнамаларға сеніп, иланатындығы. Қараңғы түнекте жылт еткен сәуле ретінде қабылдайтындығы. Осы арада есімізге тоқсаныншы жылдар түсіп отыр. Естеріңіде болса, сол жылдары бақсы-балгер көбейіп, ел-елде, жер-жерде сеанстарын өткізген. Ол сеансқа баруға қырылған жұртта қисап жоқ-тын. Ауылдың алақандай мәдениет үйінің ішіне сыймай сыртында күзеткен жұртты әлі ұмыта қойғанымыз жоқ. Ол өткен шаққа «Алаш айнасы» да барып қайтқан еді.
Толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.