Қазақстандық сейсмологтар Қытай мен Қырғызстандағы жер сілкіністерін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Қытай мен Қырғызстандағы жер сілкіністерін тіркеді Фото: depositphotos.com

Қазақстандық сейсмологтар кеше кешке Қырғызстан мен Қытайдың шекаралас ауданында, сондай-ақ, ҚХР аумағында магнитудасы 4,8 және 4,5 болатын екі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстандық сейсмологтар кеше кешке Қырғызстан мен Қытайдың шекаралас ауданында, сондай-ақ, ҚХР аумағында магнитудасы 4,8 және 4,5 болатын екі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығының сайтында хабарланды.

Жедел ақпаратқа сәйкес, 16 мамырда Астана уақытымен 19:12-де (Гринвич бойынша 14:12) Қытайда жер сілкінісі болды. Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 40,20 градусы және шығыс бойлықтың 77,68 градусы. Магнитудасы mb=4,5. Энергетикалық класы K=10,4.

Жарнама
Жарнама

Екінші жер сілкінісі Астана уақытымен 19:53-те (Гринвич бойынша 14:53) Қырғызстан мен ҚХР шекаралас ауданында тіркелді. Эпицентр координаттары: солтүстік ендіктің 40,52 градусы және шығыс бойлықтың 74,82 градусы. Магнитудасы mb=4,8. Энергетикалық класы K=10,6.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама