Малайзияның жолаушылар ұшағы жоғалып кетті

Малайзияның жолаушылар ұшағы жоғалып кетті Сурет blog.malaysia-asia.my сайтынан алынды

"Malaysia Airlines" әуекомпаниясының Куала-Лумпурдан Пекин бағытына қатынайтын, жолаушылар тасымалдайтын "Боинг 777-200" ұшағы сенбі күні, жергілікті уақыт бойынша ертеңгісін бақылау радарымен байланыссыз қалған, - деп хабарлайды Agence France-Presse Ұшақ бортында 239 азамат болған. Оның 227-сі жолаушы, олардың арасында 2 бала бар. Экипаж мүшелерінің саны - 12. Сондай-ақ, ұшаққа 13 мемлекеттің азаматтары мінген екен. Олардың басым бөлігі - қытай азаматтары. Ұшақпен байланыс сенбі күні жергілікті уақыт бойынша 02.40-та үзілген (сенбі, Астана уақыты бойынша 00.40). Лайнер қытай астанасына Астана уақыты бойынша 4.30-да қонуы тиіс болатын. Қазіргі уақытта мамандар әуе кемесінің қайда екенін анықтауда.
Реклама
Реклама
"Синьхуа" агенттігі қытайдың авиациялық билігіне сілтеме жасап, малайзиялық ұшақтың Қытай әуекеңістігіне өтпегенін, аталмыш "Боингтің" Вьетнам аумағында жоғалып кеткенін айтады. "Malaysia Airlines" компаниясының ең үлкен әуе апаты 1977 жылы Малайзияның оңтүстігінде орын алған. Сол кезде 93 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі көз жұмған еді.
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама