Автор Мөлдір Қалықова

Автор

Мөлдір Қалықова

 

Статьи

 

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.29 тамызда
28 тамыз 2020 17:32
Карантиндегі Нұр-Сұлтан қандай?

28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарына тек дүкенге, дәріханаға және жұмысқа шығуға рұқсат. Жергілікті билік өкілдері көшеде серуендеп жүргендерге айыппұл салынады деп уәде берді. Бірақ Нұр-Сұлтан полицейлері айыппұлдан бөлек, карантин талаптарын орындамаған жүргізушілердің көліктерін тартып алып жатыр. Соңғы тәулікте елордадағы айыппұл тұрақтарына 30 көлік жеткізілген. Нұр-Сұлтанда мұндай шаралардың қабылдануына вирус жұқтырғандардың көбеюі себеп болып отыр. Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың ішінде Нұр-Сұлтан бүгінде 1-орында тұр. Tengrinews.kz фотографы Тұрар Қазанғапов карантиндегі елорданың суреттерін ұсынады.

19 наурызда Нұр-Сұлтанда карантин жарияланды. Ал 22 наурыздан бастап қалаға кіруге және қаладан шығуға тыйым салынды. Тұрғындарға үйде отыруға кеңес берілді.

Дегенмен тыйымдарға қарамастан қалада серуендеп жүрген адамдарды байқауға болады. 

Сонда да 30 наурыздан бастап елордадағы өмір режимі өзгерді деуге

Оған қоғамдық көлік қозғалысының тоқтап, кәсіпорындар мен адам көп шоғырланатын орындардың жабылуы себеп болған шығар.

Қалада тірі жан жоқ.

Біздің фотограф түсірілім жұмыстарын кешкі 19.30-да бастады.

Карантинге дейін елорда көшелерінде үнемі кептеліс болатын.

Мысалы, мына суретте Қабанбай батыр көшесі бейнеленген.

Ал мына суретте Мәңгілік ел даңғылы мен Қонаев көшесінің қиылысын көруге болады. 

Мұнда Министрліктер үйі мен Ақорда орналасқан.

Ал ар жағында үкімет үй, Мәжіліс пен Сенат ғимараттары бар.

Енді тұрғындардың барлығы үйде отырады.

Үйде балаларымен мультфильмдер көруге асыққан болар.

Жолдардан тек такси жүргізушілерін көруге болады.

Полиция көліктері де көрінеді.

Жедел жәрдем көліктері де аз емес.

Көшенің әр бұрылысында жедел жәрдем бригадасы.

Полицейлерде көшелерді күзетіп жүр.

Жүргізушілердің құжаттарын тексеру үшін көліктерді тоқтатып жатыр.

Полицейлер тек жүргізушілерді емес, сондай-ақ, жаяу жүргіншілерді де тексеріп жатыр.

Кешке қарай көшеде ешкім жүрмейді.

Бірақ біздің фотографты полицейлер ұстапты.

"Көшеде жаяу жүрген жалғыз мен болғандықтан полицейлер мені тоқтатты. Кіммін, қайданмын - барлығын сұрап, құжаттарымды тексерді", - дейді Тұрар Қазанғапов.

Полицейлердің айтуынша, жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де құжат тексергенде түсіністікпен қарайды.

Сондай-ақ, олар барлығына үйде отыруға кеңес береді.

Тұрардың айтуынша, әдетте таңғы 4-5-терде қаланың картинасы осындай болады екен. 

Бұл суреттер 30 наурызда сағат 20.00 және 22.00 аралығында түсірілген.

Қала ұйықтап жатқан секілді.

Осылайша фотографымыз үйіне жаяу қайтуды шешкен - "Бәйтерек" жақтан Жеңіс даңғылына дейін.

Қала тып-тыныш болса да такси жүргізушілері жұмысын істеп жүр.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Мәтіні: Әйгерім Әбілмәжитова

31 наурыз 2020 17:34
Бизнесмендер қытайлық тауардың бағасын негізсіз көтеріп отыр - министр Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын негізсіз көтеретіндердің жосықсыз бизнеспен айналып отырғанын айтты, - деп
04 ақпан 2020 09:40
Air Canada ұшағы Мадрид әуежайына апат жағдайында қонды Торонтоға ұшып бара жатқан Air Canada жолаушылар ұшағы Мадрид әуежайына апат жағдайында қонды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
04 ақпан 2020 09:01
Қостанайда ер адам бұрынғы әйеліне пышақпен шабуылдады Қостанайда 51 жастағы ер адам сұлулық салонында жұмыс істейтін бұрынғы әйеліне пышақпен шабуылдаған. Ол кезде әйел клиентіне маникюр жасап жатқан,
31 қаңтар 2020 14:54
Дуров WhatsApp-тың қаупін айтты Telegram мессенджерін ойлап тапқан Павел Дуров WhatsApp қосымшасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды РИА Новости.
31 қаңтар 2020 14:03
Ардавичус жасырынып жүр - Антикоррупция қызметі "Дакар-2012" ралли-рейдінің қола жүлдегері Артур Ардавичус халықаралық іздеуде жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
31 қаңтар 2020 13:41
Демалыс күндері ауа райы қандай болады? Синоптиктер 1-3 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне
31 қаңтар 2020 13:33
Нұр-Сұлтанда жүк көлігінің жүргізушісі мас күйде әйел адамды қағып өлтірді Нұр-Сұлтанда жүк көлігінің жүргізушісі мас күйде әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан жасырынбақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
31 қаңтар 2020 13:17
Нұр-Сұлтандағы LRT ісі: 10 күдіктінің үшеуі іздеуде жүр Нұр-Сұлтандағы LRT ісі бойынша тергеу шаралары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
31 қаңтар 2020 12:15