24 маусым 2026 17:32

Абай облысында той кортежінің жүргізушілері жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден кадрлар

Абай облысында той кортежі айыппұл және автокөліктердің арнайы тұраққа қойылуымен аяқталды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Абай облысында той кортежі айыппұл және автокөліктердің арнайы тұраққа қойылуымен аяқталды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Полиция мәліметінше, оқиға 21 маусымда сағат 19:30 шамасында Ақсуат ауылындағы Қабанбай батыр көшесінде болған.

Реклама
Реклама

Құқық қорғау органдарының дерегінше, той кортежі құрамындағы бірнеше көлік жүргізушілері қауіпті маневр жасап, жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген.

Полицейлер кортежге қатысқандардың барлығын анықтады. Тексеріс нәтижесінде Hyundai Tucson, Hyundai Santa Fe, Chevrolet, Toyota және Lada Priora көліктерін жүргізген бес жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Құзық бұзушыларға қатысты 19 әкімшілік хаттама толтырылды.

Анықталған заңбұзушылықтар ішінде маневр жасау ережелерін сақтамау, қауіпсіздік белдігін тақпау, апаттық жағдай туғызу және көлік құралдарын пайдаланудың басқа да ережелерін бұзу фактілері бар.

Кортежге қатысушылардың автокөліктері арнайы айыптұраққа қойылды.

Бұған дейін Түркістанда той кортежінің жүргізушілері жазаланғаны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Видео түсірмек болған: Атырауда жүргізуші мен жолаушы жауапқа тартылды

Пікірлерді оқу