19 маусым 2026 15:11

Алматы аулаларында көліктер айыптұраққа әкетіліп жатыр: ТЖД мен полиция рейдтері басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден кадрлар

Алматыда ТЖД мен полиция қызметкерлері тұрғын үй кешендерінің аулаларында рейд жүргізіп, тұраққа қойылған көліктерді тексерді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыда ТЖД мен полиция қызметкерлері тұрғын үй кешендерінің аулаларында рейд жүргізіп, тұраққа қойылған көліктерді тексерді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Тексеру барысында тұрақ ережелерін бұзып қойылған және шұғыл қызметтердің өтуіне қиындық тудырған көліктер анықталды. Олардың иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөліктер айыппұл тұрағына эвакуацияланды.

Реклама
Реклама

ТЖД өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде әр минуттың маңызды екенін еске салды. Дұрыс қойылмаған автокөлік құтқарушылардың келуін кешіктіріп, соңы ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Еске салайық, 12 сәуірге қараған түні "Көркем-3" ТҮК ауласында өрт шыққан болатын. Аула көлікке толып, кіреберіс темір қақпамен жабық тұрған.

Өрт салдарынан пәтерлердің бірінде үш бала қаза тапты, олардың анасы аман қалғанымен, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті.

Бұған дейін Қазақстанда өртсөндірушілерге төтенше жағдай орнына өту үшін жолдағы көліктерді соғып өтуге рұқсат берілмейтінін жазған едік.

Пікірлерді оқу