“Көркем-3“ тұрғын үй кешеніндегі өрттен үш баласынан айырылған ана әлі жансақтау бөлімінде жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Көркем-3“ тұрғын үй кешеніндегі өрттен үш баласынан айырылған ана әлі жансақтау бөлімінде жатыр Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанадағы "Көркем-3" тұрғын үй кешеніндегі өрттен зардап шеккен тұрғын әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Елордалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйелдің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанадағы "Көркем-3" тұрғын үй кешеніндегі өрттен зардап шеккен тұрғын әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Елордалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйелдің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство Түркістан көшесіндегі өрт салдарынан зардап шеккен науқасқа жансақтау бөлімінде қажетті интенсивті ем жасалып, медициналық бақылау жүргізіліп жатқанын атады.

"Бүгінде жағдайының оң динамикасы байқалады", - деп толықтырды басқарма.

Мән-жайы

12 сәуірге қараған түні Астанада Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты. Пәтерден үш баланың үш бала өлі табылды. Өртсөндірушілер олардың анасын құтқарып қалды, ол денесі күйіп №1 көпбейінді қалалық ауруханаға жатқызылды.

Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланды, тағы 40-қа жуық адам ғимараттан өз бетінше шықты. Елордалық полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Сонымен қатар, полиция жүргізушіні жазалады, оның көлігі өрт болған ТҮК ауласына кіретін жолды бөгеп тастаған.

Tengrinews.kz оқиғаның мән-жайын білу және куәгерлермен тілдесу үшін оқиға орнына барып қайтты.

18 сәуірде өрттен аман қалған Астана тұрғыны есін жиғанын, бірақ жағдайы әлі де ауыр екенін жазған болатынбыз.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 461.92   542.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер