Жаңалықтар
02 маусым 2026 19:07

Алматыда жүргізушілер төмен шығарындылар аймағына кіргенде хабарлама алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда жүргізушілер пилоттық режимде LEZ аймағына кірген кезде push-хабарлама ала бастайды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыда жүргізушілер пилоттық режимде LEZ аймағына кірген кезде push-хабарлама ала бастайды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, "Алматы тұрақтары" қосымшасында тіркелген жүргізушілерге зиянды шығарындылар аз аймаққа (LEZ) кірген кезде push-хабарлама келеді. Онда кірген күні, www.almaty-parking.kz сайтына сілтеме және +7 (727) 390 8000 байланыс нөмірі көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Алматыда зиянды шығарындылары аз аймақ әзірге пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. Жоба мына көшелер шеңберінде жүзеге асырылады: Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігі, Абай даңғылының солтүстігі, Желтоқсан көшесінің шығысы және Достық даңғылының батысы.

Реклама
Реклама

Қазіргі кезде жүргізушілер үшін қозғалысқа шектеу қойылмайды, жол жүру ақысы алынбайды және айыппұл салынбайды. Пилоттық жоба қала инфрақұрылымы мен технологиялық платформа дайындығын тексеру үшін іске асырылып жатыр.

Техникалық пилоттық кезең биылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Тағы оқыңыз: Алматы орталығында “төмен шығарындылар аймағы“ пайда болды: жүргізушілер нені білуі керек?

Пікірлерді оқу