07 шілде 2026 13:31

Алматыда жылу құбырын ауыстыруға байланысты бір көшеде қозғалыс ішінара шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Алатау ауданында жылу құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Tengri Auto.

Осыған байланысты 8 шілдеден бастап Немирович-Данченко көшесінің батыс жағында - Рысқұлов даңғылынан Райымбек даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

"Алматының Алатау ауданында 1988 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 483 метр жылу құбыры жаңартылады", - деп хабарлады "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

Жарнама
Жарнама

Бұл аумақты екі бағытта да Немирович-Данченко көшесінің шығыс жағымен айналып өтуге болады.

Әл-Фараби даңғылы жабық: жұмыстар қашан аяқталатыны айтылды

Тағы оқыңыз: Шұңқырлар мен белгілер: Қазақстан жолдарына қатысты алғаш рет бірыңғай талаптар енгізілді

Пікірлерді оқу