Жаңалықтар
28 сәуір 2026 14:04

Алматыдағы рейд: әл-Фараби даңғылында жарысқандар көлігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадрлар

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жазаланды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жазаланды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Полиция мәліметінше, түнде әл-Фараби даңғылында бір топ көлік байқалған. Олар күрт жолақ ауыстырып, жылдамдықты асырған және өзге жүргізушілерге кедергі келтірген.

Реклама
Реклама

Жүргізушілер қауіпті маневр жасап, апаттық жағдай туындатқаны үшін тоқтатылған.

Оларға қатысты хаттамалар толтырылып, көліктері айыптұраққа қойылды.

Агрессивті жүргізудің осы және өзге де деректері "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу шарасы барысында анықталды.

Полиция қаланың басты жолдарында күшейтілген режимде жұмыс істеді.

Қауіпті жүргізу мәнерін көрсететін және өзгелерге қатер төндіретін жүргізушілерге ерекше назар аударылды.

Тағы оқыңыз: Талдықорғанда ескерткіш маңында дрифт жасаған жүргізуші жазаланды

Алматыда жолда дрифт жасаған жүргізуші көлігінен айырылды - видео

Пікірлерді оқу