Талдықорғанда ескерткіш маңында дрифт жасаған жүргізуші жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда ескерткіш маңында дрифт жасаған жүргізуші жазаланды Бейнеден алынған кадрлар

Талдықорғанда жол ережесін өрскел бұған жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengri Auto.


Талдықорғанда жол ережесін өрскел бұған жүргізуші қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Полиция мәліметінше, заң бұзу дерегі байқлаған бейнежазба әлеуметтік желілерге жүктелген. Оқиға түнде Қабанбай батыр ескерткіші маңында болған.

BMW мінген жергілікті тұрғын дәл жолдың ортасында дрифт жасаған. Полиция мәліметінше, оның бұл әрекеті тәртіпті бұзып қана қоймай, жаяу жүргіншілер мен өзге жүргізушілерге де қауіп төндірген.

Кейін жүргізушінің жеке басы анықталды. Ол жауапқа тартылып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сотта ол кінәсін толық мойындады және бірден бірнеше бап бойынша - ұсақ бұзақылық пен апаттық жағдай туғызғаны үшін жауапқа тартылды.

Сот жүргізушіні жеті тәулікке қамауға алды. Көлік айып тұрағына қойылды.

TengriAuto