Шымкентте жол үстінде "түтін шоуын" көрсеткен екі жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде жарияланған Mercedes пен ВАЗ-2107 көліктерінің жүргізушілері дөңгелектерін әдейі түтіндеткен видеосы полицияның назарынан тыс қалмады. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың кім екенін анықтап, жауапқа тарту үшін полиция бөліміне жеткізді.
Тексеру кезінде олардың бірінің көлікті жүргізу куәлігінсіз басқарғаны белгілі болды. Сот шешімімен құқық бұзушылар 10 тәулікке қамауға алынды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.