Алматылықтар желіде көлікті қауіпті жүргізгенімен мақтанады: олар қалай жазаланады?

Алматылықтар желіде көлікті қауіпті жүргізгенімен мақтанады: олар қалай жазаланады? Фото:depositphotos.com

Tengri Auto редакциясына оқырман хабарласып, жүргізушілердің Алматы жолдарында қауіпті жүргізу мәнерін көрсететін әлеуметтік желідегі жарияланымдарға қатысты шағымын білдірді.

Tengri Auto редакциясына оқырман хабарласып, жүргізушілердің Алматы жолдарында қауіпті жүргізу мәнерін көрсететін әлеуметтік желідегі жарияланымдарға қатысты шағымын білдірді.

Оның айтуынша, ашық Instagram парақшаларда жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері бейнеленген видеолар жиі жарияланады.

Не болды?

Реклама
Реклама

Жарияланған роликтерде мынадай деректер тіркелген:

  • қауіпті маневр жасау;
  • жылдамдықты асыру;
  • ЖҚЕ өзге де өрескел бұзу деректері.

Бұл ретте, оқырман жүргізушілер түрлерін де, көліктің мемлекеттік нөмірін де жасырмайтынына назар аударады. Сонымен қатар, бұл контент осындай мінез-құлықты көрсету, тіпті мақұлдау ретінде ұсынылады.

"Бұл бассыздық қашанға дейін жалғасады? Жолда жүру мүмкін емес", - деп жазды ол.

Полиция жауабы

Алматы Полиция департаменті бейнежазбаның таралу дерегі бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, аталған ролик бұған дейін полиция назарына іліккен.

"Бұл видео интернетте алғаш пайда болған кезде, полиция қызметкерлері қажетті әрекет ету шараларын қабылдаған болатын. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері әлеуметтік желілерге мониторинг тұрақты түрде жүргізілетінін айтты.

Полиция мәліметінше, интернеттегі жарияланымдар күнделікті бақыланып, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда заң аясында шаралар қолданылады.

Сондай-ақ Алматы полициясы азаматтарды тек тексерілген ақпаратқа сенуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама