Қазақстанда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін бақылау мақсатында "Қауіпсіз жол" рейдтері басталды, - деп хабарлайды Tengri Auto Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстанда жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін бақылау мақсатында "Қауіпсіз жол" рейдтері басталды, - деп хабарлайды Tengri Auto Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Акция 2026 жылғы 15 маусым мен 30 маусым аралығында өтеді. Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті мәліметінше, жолдарда рөлі оң жақтағы көліктерге, соның ішінде Toyota Alphard, Toyota Estima және басқа да ұқсас модельдерге ерекше көңіл бөлінеді.
Жүргізушілердің тынығу режимін сақтауы тексеріледі.
"Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті тасымалдаушыларды заңнаманы қатаң сақтауға, көліктің техникалық жай-күйін бақылауға және жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірмеуге шақырады", - деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ жүргізушілерден жол жүру ережелерін және жолаушыларды, багажды тасымалдау мен такси қызметін көрсету қағидаларын сақтау сұралады.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы бірқатар тасжолда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл енгізіледі
Пікірлерді оқу