“Асфальт қармен еріп кетті“ - қарағандылықтар шұрық-тесік жолдарға шағымданды

“Асфальт қармен еріп кетті“ - қарағандылықтар шұрық-тесік жолдарға шағымданды видео кадры

Қарағанды тұрғындары қыстан кейін бүлінген жол мәселесін көтерді: тіпті орталық көшелердің өзінде шұңқырлар мен жарықтар пайда болған. Билік жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті, алайда қаржының тапшылығына байланысты жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қарағанды тұрғындары қыстан кейін бүлінген жол мәселесін көтерді: тіпті орталық көшелердің өзінде шұңқырлар мен жарықтар пайда болған. Билік жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті, алайда қаржының тапшылығына байланысты жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғындарының айтуынша, жол төсемінің жағдайы қар ерігеннен кейін бірден нашарлаған. Көлік иелері қозғалысты қиындатып, апатты жағдай туғызатын терең шұңқырлар мен жарықтарға шағымданып отыр. Жүргізушілер "асфальт қармен еріп кеткендей" деп әзілдеп жатыр.

"Көлігімнің дөңгелегін бүлдіріп алдым. Шұңқырлардан өту мүмкін емес - не қарсы бетке шығуға тура келеді, не соқтығысу қаупіне барасың", - деді қала тұрғындарының бірі.

Реклама
Реклама

Басқа жүргізушілер көптеген көшеде әсіресе оң жақ жолақтың қатты зақымдалғанын, соның салдарынан көліктердің түрлі маневр жасап, көрші қатарларға шығуына тура келетінін айтады.

Тұрғындар жол сапасы төленетін салық мөлшеріне сәйкес келмейтінін айтып, наразылық білдіріп жатыр.

Қай жолдар жөнделеді?

Қарағанды әкімдігі ең көп бүлінген көшелерді жөндеу жұмыстары жоспарға енгізілгенін хабарлады. Бұл ретте, билік мәліметінше, соңғы үш жылда жөнделген жолдардың жағдайы жақсы және оларда айтарлықтай зақымдар жоқ.

Қарағандыда барлығы 1000 шақырымға жуық автожол бар. 2026 жылы қала орталығында да, жеке секторда да 137 шақырымнан аса жол төсемін жөндеу жоспарланған.

Қазіргі уақытта бюджеттен 3,5 миллиард теңге бөлінген, бұл тек 15 шақырым жолды жаңартуға жетеді. Қалған учаскелер қаражаттың түсуіне қарай жөнделеді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Мәди Қожанов барлық жобаның сараптамадан өткенін және іске асыруға дайын екенін атап өтті.

"Бізде мердігер ұйымдармен жасалған келісімшарттар бар, бұл көшелер ведомстволық сараптамалардан өтті. Яғни, бізді тек қаржыландыру мәселесі тежеп тұр. Сапаға келетін болсақ – жұмыстарды Ұлттық жол активтері сапасы орталығының оң қорытындысын алғаннан кейін ғана қабылдаймыз. Олар сынақтар жүргізгеннен кейін бізге хаттама береді", - деді ол.

Жаңа магистраль және қауіпсіздік шаралары

Негізгі жобалардың бірі ұзындығы алты шақырым болатын жаңа төрт жолақты жолдың құрылысы болмақ. Ол Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықты байланыстырып, қалалық магистральдарға түсетін жүктемені азайтуы тиіс.

Бұдан бөлек, қалада қозғалыс қауіпсіздігін арттыру үшін мыңға жуық жол белгісін жаңарту және шамамен 86 мың шаршы метр жол таңбасын сызу жоспарланып отыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама