30 маусым 2026 18:11

Астанадағы көше бір айға толығымен жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Астанада инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты Сауран көшесінің Алматы көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігі 30 шілдеге дейін толығымен жабылады.

Реклама
Реклама

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүретін бағыттарын алдын ала жоспарлау ескертілді. Учаскеде уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Астанада қай көшелер жабық?

  • Төле би көшесі Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін - 5 шілдеге дейін;
  • Тілендиев даңғылы Айналмалы көшесінен Орталыққа дейін - 6 шілдеге дейін.

Тағы оқыңыз: Астана - Алматы тасжолының тағы бір учаскесі ақылы болады

Пікірлерді оқу