21 мамыр 2026 17:39

Астанадан шығаберіс жол бес күнге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

"Балқарағай" демалыс аймағынан Павлодарға шығатын жолайрыққа дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tengri Auto.

20 мамыр сағат 17:00-ден 25 мамыр сағат 00:00-ге дейін "Балқарағай" демалыс аймағы бұрылысынан бастап Павлодар бағытына шығатын жолайрыққа дейін көлік қозғалысы толықтай тоқтатылды.

Фото: "ҚазАвтоЖол"

Жарнама
Жарнама

Жабылған учаскенің ұзындығы 8 шақырым.

"Қозғалысты толық шектеу жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жөндеу жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында енгізіліп отыр", - деп түсіндірді компания өкілдері.

Жүргізушілерден сапарын алдын ала жоспарлауды, уақытша шектеулерді ескеріп, жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бұған дейін Астана - Қарағанды тасжолының учаскесі бір айға ішінара жабылатыны хабарланған болатын.

Тағы оқыңыз: Төле би көшесіндегі “қазба“ жұмыстары қашан аяқталады: әкімдік жауабы

Пікірлерді оқу