5 маусымнан бастап Астана – Қарағанды тасжолының бір бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәліметінше, Қобда тұйық көшесінен А-135 көшесіне дейінгі аралықта жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Фото Astana news Telegram-арнасынан
Жөндеу жұмыстарына байланысты 5 маусым мен 5 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Екі бағытта да қозғалыс сақталады, бірақ көліктер жолдың бір жағымен ғана жүреді. Жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізу жоспарланған.
Жүргізушілерге айналып өту үшін балама бағыттар ұсынылады:
- жолайрықтан оңға қарай айналма жолмен Ақжол көшесіне немесе Алаш тасжолына қарай;
- солға қарай айналма жолмен Шерхан Мұртаза көшесіне дейін.
Жүргізушілерден өзгерістерді алдын ала ескеріп, бағыттарын жоспарлау сұралады. Учаскеде уақытша жол белгілері мен нұсқағыштар орнатылады.