Астанада 4-6 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Ақмешіт көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Бұл шара асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысына байланысты қабылданып отыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылатыны нақтыланды.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, деп атап өтті әкімдік.
Астанада қай көшелер жабық?
Елорданың бірнеше көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қозғалыс шектелген және жабылған көшелердің өзекті тізімі:
- Сауран көшесінің Алматы көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейінгі бөлігі толық жабық - 30 шілдеге дейін;
- Төле би көшесінің Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігі - 5 шілдеге дейін;
- Тілендиев даңғылының Айналмалы көшесінен Орталыққа дейінгі бөлігі - 6 шілдеге дейін.
Бұған дейін Астанада 1 шілдеден бастап Қорғалжын тасжолында қозғалыс өзгеретіні хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Талдықорған - Өскемен тасжолының учаскесі ақылы болады